Әдеп кодексі талаптарының сақталуы туралы семинар өтті

Әдеп кодексі талаптарының сақталуы туралы семинар өтті
Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Ж. Еркусаевтың төрағалығымен аудандық ішкі саясат бөлімі қызметкерлерімен ZOOM бағдарламасы арқылы Әдеп Кодексі талаптарының сақталуы туралы семинар өтті.
Семинар барысында мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне күнделікті қызмет барысында моральдық – әдептілік нормаларын ұстануды, заңнамалық талаптарды бұзбау жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмыс жоспарында жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің Әдеп кодексін түсіндіру жұмыстары енгізілген.
Қазіргі таңда мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік әкімшілік қызметшіде, келісім – шарт негізіндегі мамандар да жұмыс жасайды. Осы ретте Әдеп кодексін сақтау барлық қызметшіге ортақ болып табылады.
Семинарды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Ж. Еркусаев әрқашанда әрбір қызметкер қоғамдағы адамгершілікке жат әрекеттерден сақ болып, тәртіп пен жауапкершілікті үнемі назарда ұстау керектігін атап айтып өтті.