Қармақшыда қайырымдылық шараларына үлес қосқан азаматтар марапатталды

Қармақшыда қайырымдылық шараларына үлес қосқан азаматтар марапатталды
Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ж. Омаров 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған кездесуге қатысты.
Санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізілген жиын барысында ауданымыздың қайырымдылық шараларына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды марапатталды.
Атап айтқанда жиында Жарқын Тұрмаханұлы «Тұрмағамбет» ЖШС директоры Н. Пірмантаевты, «Ақтөбе Құс» ЖШС төрағасы Н. Іздібаевты, «Жаңажол» ЖШС директоры О. Төлеповты, «Ораз Ахун ЛТД» ЖШС төрағасы Ж. Жалғасбаевты және жеке кәсіпкер А. Демесиновты алғыс хаттармен марапаттады.
Сонымен қатар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Қ. Есдәулетов сөз сөйлеп, мерекеге орай ізгі лебізін жеткізді.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Жарқын Тұрмаханұлы қайрымдылық әрқашанда адамзат бойындағы асыл қасиет екенін жеткізіп, алдағы уақытта да қайырымдылық шараларына белсене қатысуға шақырды.