Карантин талаптары қатаң сақталуы тиіс

Карантин талаптары қатаң сақталуы тиіс
Бүгінде еліміздің барлық аймағында коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бәсеңдемей, эпидемиологиялық ахуал күрделене түсуде. Дәрігер мамандар вирустың адамдардың қарым-қатынасы арқылы таралатындығын айтып, дабыл қағуда.
Соған сәйкес тұрғындарға көпшілік орындардан аулақ болып, үйде оқшауланудың тиімділігі, қызмет көрсету орталықтарының санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып жұмыс жасауы қажеттігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Саулықтың кілті сақтықта екендігі тұрғындарға түсіндірілгенімен, көпшілігі бұған құлақ аспауда.
Карантин режимі кезіндегі талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында құрылған жұмысшы топ мүшелері рейд жұмыстарын жүргізуде.
Кезекті рейд шарасы Жосалы кентінде жүргізілді.
Рейд кезінде дүкендер және өзге де қызмет көрсету орталықтары мен қоғамдық орындардың жұмыс уақыттары мен карантин талаптарының сақталуы тексерілді.
Құрметті аудан тұрғындары!
Карантин режимінің талаптарын сақтамай, шектеу уақытынан кейін жұмыс жасаған қоғамдық орындар мен жеке тұрғын үйлерде үйлену тойлары, қыз ұзату және өзге де отбасылық дәстүрлі шараларды жасағандарға қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шара көрілетіндігін ескертеміз.
Барша аудан тұрғындарын коронавирус инфекциясының таралуының алдын алуда зор жауапкершілік танытып, енгізілген шектеулерді қатаң сақтауға шақырамыз.