Қармақшылық түлектерге мамандық таңдауға кеңестер берілді

Қармақшылық түлектерге мамандық таңдауға кеңестер берілді
Бүгін Жосалы кенті орталығындағы Т. Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейдің бітіруші түлектерімен кездесу өтіп, қазіргі қоғамдағы қажетті мамандықтарды таңдауға кеңестер берілді. Санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізілген кездесуге аудандық «Жұмыспен қамту орталығы» директоры О. Мұнарбаев, белгілі ұстаз, білім беру ісінің үздігі Р. Қаратаева, аудандық мәслихат депутаты А. Скендіров, аудандық орталық аурухананың орынбасары А. Жаналиев, «Қармақшы таңы» газетінің тілшісі Е. Сәдуұлы тағыда басқа сала мамандары қатысты.Алғашқы сөзді №250 мектеп – лицейінің директоры Г. Мұнарбаева алып, мамандық таңдаудың маңыздылығына тоқталып, пікірімен бөлісті. Кездесу барысында оқушыларға сала мамандары ауданымызға қажетті мамандар туралы ойларымен бөлісіп, ақыл кеңес терін айтты. Сөз кезегінде оқушылар мамандық иелеріне сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды. Айта кетерлігі №250 мектеп – лицейдің жанындағы жатақханада ауылдық елді мекендерден келген дарынды балаларға арналған тәрбиеленушілер білім алуда. Бүгінде жатақханада жатып, білім нәрімен сусындаған түлектер қоғамда өз орындарын тауып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда. Соның бірі айтыскер ақын Сырым Әділбековтың өзі де осы мектептің түлегі. Кездесуді ұйымдастырған жатақхана тәрбиешілері Э. Қойшыбаева, А. Жетпісбаева арнайы дайындаған слайд арқылы мектеп түлектеріне мамандықтардың маңыздылығына тоқталып, оқушыларға мамандық таңдауда бағыт – бағдар берді. Білім ұясының шәкірттеріне болашақта мамандық таңдаудың қыр-сыры түсіндіріліп, кәсіби бағыттары жан-жақты айқындалды. Оқушыларға мамандықты дұрыс таңдамаудың зардаптары тек өзіне ғана емес, отбасына, қоғамға да тиетіні белгілі. Мамандықты таңдауда кателесіп, кейін жұмыс таба алмай жүретіндер де аз емес. Сондықтан бүгінгідей шараның жиі-жиі ұйымдастырылып тұруының септігі мол дейді оқушылар. Кездесуді тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары А. Алтыруова, Г. Аяпова қорытындылап, кездесуге келген сала қызметкерлеріне ризашылықтарын жеткізді.