БЖЗҚ: Сақ болыңыз, алаяқтар!

БЖЗҚ: Сақ болыңыз, алаяқтар!

хабарлай бастады. Алаяқтар жіберетін хаттарда белсенділігі күдік тудыратын сайттарға сілтемелер тіркеліп, зейнетақы жинақтарын мақсатты пайдалануға рұқсат берілгендігі айтылады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-дағы (қазіргі «Отбасы банкі» АҚ) арнайы шотқа аудару туралы» деген мазмұнға ие жіберілімдер жасамайтынын ресми түрде мәлімдейді.

БЖЗҚ сонымен қатар салымшыларға (алушыларға) біржолғы зейнетақы төлемдерін аударуға қатысты ешқандай хабарлама жібермейді және салымшының ешқандай дербес деректерін сұрамайды.

БЖЗҚ бейтаныс сайттарға күдікті сілтемелер бойынша өтпеу туралы ұсыным жасап, қатаң ескертеді. Ақпаратты тек БЖЗҚ-ның www.enpf.kz ресми сайтында және уәкілетті операторлар болып есептелетін банктердің интернет-ресурстарында тексеру қажет.

Анықтама:

* Фишинг – мақсаты пайдаланушылардың құпия деректері — логиндер мен парольдерге қол жеткізу болып табылатын интернет-алаяқтықтың бір түрі. Құпия деректерге танымал брендтер атынан электрондық хаттарды жаппай тарату, сондай-ақ, түрлі сервистер, мысалы, банктер атынан немесе әлеуметтік желілер ішінде жеке хабарламалар жіберу арқылы қол жеткізіледі. Хатта көбінесе осы сайттан сырт қарағанда еш айырмашылығы жоқ сайтқа немесе қайта бағыттау сайтына тікелей сілтеме болады. Пайдаланушы жалған парақшаға кіргеннен кейін, алаяқтар әртүрлі психологиялық әдістермен қолданушыны жалған парақшаға өзінің белгілі бір сайтқа кіру үшін пайдаланатын логині мен паролін енгізуге итермелеуге тырысады. Бұл алаяқтарға жеке аккаунттар мен банктік шоттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).