Аудан әкімі VI шақырылым депутаттарымен кездесіп алғысын білдірді

Аудан әкімі VI шақырылым депутаттарымен кездесіп алғысын білдірді
Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбеков алтыншы шықырылымдағы өкілеттілігі аяқталған аудандық мәслихат депутаттарын қабылдады.
«Осы кезеңге дейін өткен шараларда ауданымыздың саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өміріне қатысты маңызды мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл», - деп халқымыз айтқандай, осының барлығы, аудандық мәслихат депутаттарының жергілікті атқарушы органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесе атқарған еңбектің нәтижесі. Алтыншы шақырылған аудандық мәслихаттың барлық депутаттарына бірлескен табысты жұмыстарыңыз үшін зор ризашылығымды білдіремін», – деді аудан әкімі Мұса Оспанұлы.
Сонымен қатар кездесуде аудандық мәслихат хатшысы Марат Наятұлы сөз алып осы кезеңге дейін әріптестерінің жылдар ішіндегі жемісті жұмысын атап өтіп, саралай келе алдағы қызметтегі бастамаларға сәттілік тіледі.
Кездесудің қорытындылаған аудан басшысы алтыншы шықырылымның аудандық мәслихат депуттарын «Құрмет грамоталары» мен «Алғыс хаттармен» марапаттады.