Қызылорда облысы бойынша облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Шектеу оның ішінде карантиндік шаралар туралы» 2021 жылдың 5 қаңтардағы № 1 қаулысы

Қызылорда облысы бойынша облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Шектеу оның ішінде карантиндік шаралар туралы» 2021 жылдың 5 қаңтардағы № 1 қаулысы

Бүгінгі күні Қызылорда облысы репродуктивтік көрсеткіш бойынша «жасыл аймақта».
Осыған байланысты кейбір әлеуметтік-экономикалық нысандардың жұмыс жасау кестесіне өзгерістер енгізілді.
Яғни кейбір нысандарға белгіленген уақыт шектеулері алынып, штаттық режимдегі өздері белгілеген уақытымен жұмыс жасауға рұқсат берілді. Олар:
- азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер;
- сұлулық салондары, шаштараздар;
- супермаркеттер, гипермаркеттер;
- ашық базарлар;
- азық-түлік емес дүкендер;
- сауналар, спа-орталықтар, моншалар;
- спорттық-сауықтыру орталықтары;
- сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері;
- балалар мен ересектердің білім беру орталықтары;
-бизнес орталықтары, кинотеатрлар өздерінің штаттық режимдегі уақыты бойынша жұмыс жасайтын болады.
Ал қоғамдық тамақтану объектілер сағат 07-ден түнгі 24-ке дейін қызмет көрсете алады. Бұл ретте үй-жайдың толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 50 орыннан аспауы тиіс.
2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап:
- оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқытуға: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан оқытуға рұқсат;
- білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға болады;
- екінші семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін штаттық оқытуға рұқсат беріледі.

Қаулының толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар