Аудан әкімі «Үркер» сыйлығының иегерін қабылдады

Аудан әкімі «Үркер» сыйлығының иегерін қабылдады
Қармақшы ауданының әкімі Қалдарбеков Мұса Оспанұлы «Үркер» Ұлттық сыйлығы байқауының «Жылдың үздік репортажы» номинациясы бойынша жүлдегері, «Kyzylorda-news.kz» порталының бас редакторы жерлесіміз Мықтыбаев Нұрсұлтан Ертуғанұлын қабылдады.
Биылғы жылы бұл шара айрықша маңызға ие болып, "Үркер - 2020" сыйлығы 11 номинация бойынша табысталды. Сонымен бірге байқауда Шерхан Мұртаза атындағы жаңа номинацияда енгізіліпті. Аталған байқау жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған радио, баспа және интернет-журналистика саласының үздіктерін анықтады.
Кездесуде аудан басшысы Мұса Оспанұлы
-Кіндік қаныңыз тамған Қармақшылық жерлестеріңіз Өзіңізді қай кезеңде де мақтаныш етеді. Сіздің еселі еңбектеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да қоғамымызды нығайтып, өлкеміздің өсіп-өркендеуіне ерекше үлес қоса береді деген сенімдемін. Өзіңізге мықты денсаулық зор шығармашылық табыс тілеймін.- деді аудан әкімі.
Нұрсұлтан Ертуғанұлы Жосалы кентіндегі Ү.К. Томанов атындағы №183 орта мектептің түлегі.
Қазіргі таңда «Сыр медиа» серіктестігіне қарасты «Kyzylorda-news.kz» ақпарат агенттігінің бас редакторы лауазымын атқарып келеді.
Кездесу соңында аудан басшысы арнайы алғыс хат табыстап сый-сияпат көрсетті. Өз кезегінде майталман журналист ризашылығын білдіріп, өңіріміздің дамуы үшін бар күш жігерін салатынын жеткізді.