Азаматтардың өтініштері – басты назарда

Азаматтардың өтініштері – басты назарда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықпен кері байланыс орнатып, азаматтардың өтініштері мен ұсынысына жедел әрі сапалы жауап беру жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеті екенін үнемі айтып келеді. Осы бағытта бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек тұрғындарға кезекті жеке қабылдауын өткізді.

Қабылдау барысында тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына барып қатысуымен қатар, онлайн байланыс арқылы да өз мәселелерін жеткізді.

Сондай-ақ жеке қабылдауға келген 10-нан аса азамат тұрғын үй, тұрақты немесе қоғамдық жұмысқа орналасу, егістік мәселесі, әлеуметтік қолдау және өзге де жеке мәселелер бойынша өтініштерін айтты.

Тұрғын үй мәселесі бойынша келген азаматтарға заң талаптарына сәйкес баспана өз кезеңімен жүргізілетіні түсіндірілсе, жұмыс сұраған азаматтарға бос жұмыс орындары мен қоғамдық жұмыстарға орналасу мүмкіндіктері ұсынылды.

Қабылдау барысында аудан басшысы әрбір тұрғынның өтінішіне жеке тоқталып, көтерілген мәселелерді жан-жақты қарап, жауапты бөлім басшыларына заң аясында қарастыру үшін бірқатар тапсырмаларын жүктеді.