
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Айқын нәтиже» және «Қауіпсіз аудан» жобалары аясында жиын ұйымдастырылды.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов пен аудан прокурорының орынбасары Зураб Гичиев қатысып, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Әсіресе, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелеріне ерекше мән берілді.
Сонымен қатар «Қауіпсіз Қармақшы» жобасы аясында 2026 жылы жүзеге асырылатын профилактикалық іс-шаралар жоспары да таныстырылып, жан-жақты бағыттары талқыланды.
Кездесу барысында көтерілген мәселелер бойынша бірқатар тапсырмалар беріліп, заңдылық қағидаттарын нығайту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатыны атап өтілді.