
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, III дәрежелі «Барыс» орденінің иегері, профессор, жырау Алмасбек Алматов Қармақшы ауданына сапары барысында Қорқыт ата мемориалдық кешеніне барып, ұлы ойшыл, қобызшы, күй атасы Қорқыт ата рухына тағзым етті.
Тағылымды шарада жырау баба рухына құран бағыштап, Сыр бойындағы жыраулық дәстүрдің бастауында тұрған Қорқыт мұрасының қазақ руханиятындағы ерекше орны туралы өз пікірін де білдірді.