«Заң мен тәртіп» - қоғам тұрақтылығының басты кепілі

«Заң мен тәртіп» - қоғам тұрақтылығының басты кепілі

Бүгін «Руханият» орталығында облыс прокурорының бірінші орынбасары Исламбек Төлегеновтің аудан тұрғындарымен кездесуі өтті.

Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев жүргізіп, Мемлекет басшысы көтерген «Заң мен тәртіп» қағидатының маңыздылығын ерекше атап өтті. Президент құқық нормаларын құрметтеу мен қоғамдық тәртіпті сақтау – Әділетті Қазақстан құрудың басты негізі екенін атап өткен болатын. Осы ретте заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және қоғамдағы тәртіпті нығайту – ортақ міндет екені айтылды.

Жиын барысында облыс прокурорының бірінші орынбасары Исламбек Төлегенов аймақтағы құқықтық тәртіптің жай-күйіне тоқталып, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сонымен қатар заң талаптарын сақтау – әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтті.

Жиынды қорытындылаған Диас Молдабаев облыс прокурорының бірінші орынбасарына құқықтық тәртіпті нығайту бағытындағы бірлескен жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.