
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың күнделікті өміріне қатысты мәселелерін, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Қабылдау барысында азаматтар тұрғын үй алу, әлеуметтік көмек көрсету, жұмысқа орналасу және өзге де әлеуметтік мәселелерді көтерді.
Жеке қабылдау барысында аудан әкімінің орынбасары көтерілген әрбір мәселелерді сала мамандарымен бірге мұқият зерделеп, айтылған өтініш пен ұсыныс бойынша жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді.