Аудан әкімі бақ өкілдеріне брифинг өткізді

Аудан әкімі бақ өкілдеріне брифинг өткізді

Бүгін Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек ауданның 2025 жылы атқарылған әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстардың қорытындысы бойынша брифинг өткізді.

Брифинг барысында аудан әкімі ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, мәдениет пен спорт, инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысы бағыттарында атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, газдандыру, жол жөндеу, электр желілерін жаңғырту және елді мекендерді абаттандыру бойынша жүзеге асырылған жобалар туралы баяндады.

Жиын соңында аудан әкімі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, алдағы кезеңге жоспарланған негізгі міндеттер мен басым бағыттар жөнінде пікір білдірді.