Қармақшы ауданына жаңа прокурор тағайындалды

Қармақшы ауданына жаңа прокурор тағайындалды
Қармақшы ауданының әкімі Мұса Қалдарбековтың төрағалығымен актив отырысы болып, құқық қорғау органдарындағы кадрлық өзгерістерді таныстыру мақсатында бас қосып отырғандығын айтып өтті.
Жиынға бөлім басшылары, кенттер мен ауылдық округ әкімдері видеобайланыс арқылы қатысты.
Алғаш сөз алған Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Катаев Дамир Меделбайұлы Қармақшы ауданына тағайындалған жаңа прокурор Маханбетжанов Мейрамбек Жаңбырбайұлын таныстырды.
Жиын соңында аудан басшысыМұса Оспанұлы ауданның прокуроры Мейрамбек Жаңбырбайұлын қызметімен құттықтап, бұл саланың маңыздылығына тоқтала келе алдағы жұмысына сәттілік тіледі.