Маңызды міндеттердің орындалуы басты назарда

Маңызды міндеттердің орындалуы басты назарда

Бүгін облыс әкімінің мәжілісінен кейін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен жиын өтті. Жиналыс барысында Үкімет басшысы мен облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжілісте сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, суды үнемдеу және цифрлық технологияларды енгізу шаралары туралы маңызды мәселе қаралды.

Сонымен қатар мәжілісте алдағы уақытта облысымызда өтетін Ұлттық құрылтайға дайындық мәселелері де қаралды. Осыған байланысты жауапты бөлімдер мен мекемелерге бекітілген бірқатар тапсырмалар берілді.

Жиналыс қорытындысында Жандос Еркінбек берілген тапсырмалардың орындалуын қатаң бақылауда ұстау керектігін атап өтті.