Жосалыда жәрмеңке өтті

Жосалыда жәрмеңке өтті
Жосалы кенті орталығында жәрмеңке өтті.
Ауылшаруашылығы өнімдерінің барлық түрі арзан бағада сатылды.
Атап айтар болсақ, 12 ауылдық округтен ұсынылған 60 автокөлікпен 108 тоннаға жуық өнім тұтынушылардың көңілінен шықты. Оның ішінде картоп, асқабақ, күріш, ет, тағы басқа өнімдер түске дейінгі сатылымда жоғары сұранысқа ие болды.
Байқағанымыз баға базар бағасынан 10-15% арзан болды. Жылы күздегі жәрмеңке әрбір үйдің дастарханындағы берекенің себепкері.
Берекелі айдағы жұртшылыққа арналған жәрмеңкеде тұрғындар өз ризашылықтарын білдірді.