Төретамда тұрғындардың өзекті мәселелері тыңдалды

Төретамда тұрғындардың өзекті мәселелері тыңдалды

Бүгін Төретам кентінде аудан әкімі Жандос Еркінбек құқық қорғау органдары және Мемлекеттік кірістер басқармасы басшыларымен бірге тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында өткен қабылдауға жалпы 70-ке жуық тұрғын қатысып, өздерінің әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерін қозғады.

Қабылдау барысында елді мекендерден де келген тұрғындар ауданның дамуына қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, тұрғын үй мен жұмысқа орналасумен қатар, жол салу, балалар ойын алаңдарын орнату, көше жарығын жақсарту бағытында ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Аудан әкімі әрбір өтініштерді мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша заң аясында шешу жолдарын қарастыратынын айтып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Сонымен қатар құқық қорғау органдары мен Мемлекеттік кірістер басқармасының құзыретіне кіретін сауалдарын да көтерді. Атап айтқанда, қоғамдық тәртіпті күшейту, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, міндетті медициналық сақтандыру төлемдері секілді мәселелер қозғалды.

Жауапты басшылар азаматтарға заң аясында жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, нақты жауаптар берді.

Жандос Еркінбек алдағы уақытта да тұрғындармен тұрақты түрде кездесу өткізіп, азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдау арқылы ашық диалог орнату жұмыстарын жүзеге асыруды жалғастыра беретінін атап өтті.