Ауданның негізгі міндеттері мен межелі көрсеткіштері бақылауда

Ауданның негізгі міндеттері мен межелі көрсеткіштері бақылауда

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен өткен мәжілісте «2026–2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі» және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен әлеуметтік жылу беру мәселелері қаралды.

Жиында 2025 жылдың 10 айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері талқыланып, негізгі салалар бойынша оң динамика байқалып отыр. Атап айтқанда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, инвестиция және тұрғын үй беру көлемдері өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жоғары өсім көрсетті.

Сонымен қатар жыл соңына дейін барлық жоспарланған көрсеткіштердің толық орындалуын қамтамасыз ету міндеті қойылды. Бұл ретте салалық бөлім мамандары макроэкономикалық көрсеткіштерді арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.

Жиында аудан бюджетінің атқарылу мәселесі де талқыланып, бюджеттің кірістері мен шығыстарын жыл қорытындысымен толық орындау тапсырылды. Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанар Абайқызы бұл бағыттарда жасалған жұмыс жөнінде мәлімет берді.

Жиын қорытындысында аудан әкімі барлық жауапты басшыларға нақты тапсырмалар беріп, халықтың әл-ауқатын арттыруға, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылауда ұстауға және жылу беру бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.