
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаевтың қатысуымен мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны бойынша жиналыс өткізілді. Іс-шараға барлық кент және ауылдық округтердің учаскелік полиция қызметкерлері қатысты.
Жиында Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің басшысы Жандос Бекмұрзаев пен аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Оспан Ешжанов азаматтарға заңнама талаптарын түсіндіріп, әскери есеп пен шақыру жұмыстарының тәртібін жан-жақты баяндады.
Сонымен қатар шара барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 493-бабы – «Тұрғынжай меншік иесiнiң немесе қарамағында тұрғынжайлар, ғимараттар және (немесе) үй-жайлар бар басқа да тұлғалардың оларда нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуге жол беруі», 647-бабы – «Азаматтардың әскери есепке алу жөнiндегi мiндеттерді орындамауы», 648-бабы – «Медициналық тексерілуден немесе жиындардан жалтару» тәртіптері мен оларға сәйкес жауапкершілік шаралары түсіндірілді.
ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!
Әскери қызметке шақыру науқанына қатысты талаптарды қатаң сақтау – әр азаматтың міндеті екенін ескертеміз. Аталған баптар бойынша заң талаптарын бұзған жағдайда әкімшілік, сондай-ақ қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.