Жеке қабылдауда айтылған әрбір мәселе жауапты бақылауда

Жеке қабылдауда айтылған әрбір мәселе жауапты бақылауда

Аудан әкімі Жандос Еркінбекұлы азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың күнделікті өміріне қатысты мәселелерін, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Қабылдауға алдын ала жазылып, өтініштерін айтқан аудан тұрғындары мемлекет тарапынан тұрғын үй алуға байланысты, жұмыссыздық және түрлі әлеуметтік, тұрмыстық мәселелерін жеткізді.

Қабылдау барысында аудан басшысы әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатарына заңдылыққа сәйкес жауап берді.

Айтылған мәселелер бақылауда болатынын айтып, оңтайлы шешiмiн табуы үшiн тиiстi сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Айта кетейік, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына egov.kz порталы, e-otinish.kz базасы немесе әкімдікке жазбаша өтініш беру арқылы жазыла алады.