Қармақшы - төрт түлікті төрге оздырған аудан

Қармақшы - төрт түлікті төрге оздырған аудан

Бүгін Қызылорда қаласындағы Өнер орталығында ауыл еңбеккерлеріне арналған «Алтын күз – 2025» салтанатты шарасы өтті. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен өткен мерекелік жиында ауыл шаруашылығы саласында үздік нәтижеге қол жеткізген аудан, шаруашылықтар мен еңбек озаттары марапатталды.

Ауыл шаруашылығының маңызды саласы саналатын мал шаруашылығы бойынша алда келе жатқан Қармақшы ауданы биылғы жылы «ОЗАТ АУДАН» атағына ие болды.

2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қармақшы ауданында 37 725 бас мүйізді ірі қара, 65 548 бас қой мен ешкі, 19 339 бас жылқы, 4 589 бас түйе, 23 137 бас құс тіркеліп, жалпы өсімі 2024 жылмен салыстырғанда 100 пайыздан жоғары деңгейде қалыптасып отыр. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі де 102,7%-ға орындалған.

Ауданның бұл жетістігі – жергілікті шаруалардың еселі еңбегінің және жүйелі жұмыстың нәтижесі.