Төретам кенті әкімінің сайлауы өтуде

Төретам кенті әкімінің сайлауы өтуде

Төретам кенті әкімінің сайлауы өтуде

 

Бүгін Төретам кенті әкімінің сайлауы өтуде. Қазіргі таңда, №113, №114, №115 сайлау учаскелерінде жалпы 6354 сайлаушы тіркелген.

Сайлау учаскесі таңғы сағат 7:00-ден бастап ашылып кешкі сағат 20:00 дейін жұмыс жасайда. Төретам кентінде өтіп жатқан кент әкімін тікелей сайлаудың жергілікті халық үшін маңызы ерекше.

Сондықтан Төретам кентінің тұрғындары сайлауға белсенді қатысып, қарқынды дауыс беруде.

Сондай-ақ, сайлаудың ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында әр кандидаттың сенім білдірілген өкілдер мен қоғамдық бірлестіктердің байқаушылары сайлау үдерісіне жіті бақылау жүргізуде.

  

Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы