Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен өткен «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде Қармақшы ауданы да жақсы нәтижеге қол жеткізді.
Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын байқаудың «Үлгілі ауыл» номинациясы бойынша ІІІ-орынды Қармақшы ауданының Ақжар ауылы жеңіп алып, арнайы марапатқа ие болды.
Сонымен қатар, ауылдардың абаттандыру жобаларын қолдау мақсатында Қуаңдария ауылына 15 млн теңге көлеміндегі сертификат табысталды.
Бұл марапаттар — Қармақшы топырағындағы жүйелі жұмыс пен ауыл тұрғындарының бірлігінің жемісі. Әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған бұл қолдау алдағы уақытта да тұрғындардың өмір сапасын арттыруға серпін беретіні анық.