«Таза қазақстан»: көркейту - көгалдандыру шаралары жалғасуда

«Таза қазақстан»: көркейту - көгалдандыру шаралары жалғасуда

Бүгін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қармақшы ауданында жалпыаудандық сенбілік өткізілді.

Сенбілікке мекеме басшылары мен қызметкерлері, ардагерлер, жастар және еріктілер де тартылды. Тазалық жұмыстары барысында орталық көшелер, қоғамдық орындар мен алаңдар ретке келтіріліп, арам шөптер мен ретсіз өскен өсімдіктерді жұлу, әктеу, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ тасталған қоқыстар тазаланып, арнайы техниканың көмегімен белгіленген орындарға шығарылды.

Мұндай жұмыстар тек аудан орталығында ғана емес, ауданымыздың барлық елді мекендерінде сенбілік шеңберінде тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.