ҚЫЗМЕТКЕ КОНКУРС

ҚЫЗМЕТКЕ КОНКУРС

«Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы»     Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 бұйрығына және «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 17 шілдедегі № 209 бұйрығына сәйкес «Төретам кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Төретам кенттік клуб үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының бос лауазымына конкурс жариялайды.

І. Конкурс өткізілетін күні мен орны:

2025 жылдың 25 шілде күні,  Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті, «Төретам кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

ІІ. Орналасқан орнын, пошталық мекен – жайын, телефонын көрсете отырып, кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті, Жанқожа батыр көшесі №21 үй, индекс: 120513, тел: 8(72437)24206, 8(72437)24153«Төретам кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Төретам кенттік клуб үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын. Мәдениет саласы.

III. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар :

Лауазымдық міндеттері :

  • шығармашылық, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асырады және клуб мүлкінің сақталуын жүзеге асырады;
  • елді мекен (ықшамаудан), сондай-ақ жақын маңдағы елді мекен (ауыл, кент) тұрғындары арасында мәдени-ағарту жұмыстарын ұйымдастырады;
  • клуб жұмысының жоспарын жасайды, бекітеді және оның орындалуын қамтамасыз етеді;
  • көркемөнерпаздар үйірмелері мен бірлестіктердің жұмыстарын ұйымдастырады;
  • демалыс кештерін, тақырыптық концерттер, кештер және көпшілік шараларды өткізеді;
  • қоғамдық клуб белсенділеріне мәдени-көпшілік шаралар жүргізуде әдістемелік көмек көрсетеді.

Білуі тиіс:     

  • Конституцияны;
  • Бюджет кодексін;
  • Еңбек кодексін;
  • "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", " Мемлекеттік мүлік туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", " Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын;

клуб жұмыстарының ұйымдастырылуын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмыстары) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мәдениет және/немесе білім және/немесе ғылым және/немесе архив ісі және/немесе экономика және/немесе құқық саласында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмыстары) бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін 2 жылдан кем емес.

ІV. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

      3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

      4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

      6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген) бекітілген (Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды») №075/е нысаны бойынша анықтыма.

      Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:

  • он сегіз жасқа толмаған;
  • бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күн ішінде Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті, Жанқожа батыр көшесі №21 үй, индекс: 120513, тел: 8(72437)24206,8(72437)24153, электрондық мекенжайы Toretam_kent@mail.kz «Төретам кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне құжаттарын ұсынады.

VІ. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады.Құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күн  ішінде, яғни 2025 жылдың 10 шілдесінен бастап, 2025 жылдың 18 шілдесі аралығы, жергілікті уақытпен сағат 9.00-13.00 және 15.00-19.00 аралығында жоғарыда көрсетілген мекенжайда қабылданады.

«Төретам кенті әкімінің аппараты»

коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің конкурстық комиссиясы