
2025 жылғы Алыш күресінен Азия чемпионаты Үндістанның Дели қаласында жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жарыс қорытындысы бойынша еліміздің спортшылары бірнеше жүлделі орындарға ие болды.
Олардың ішінде Қармақшы ауданының тумасы, жерлесіміз – Әбілтаева Назерке 55 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алып, Азия чемпионы атанды!
Бұл – Қармақшы жұртшылығы үшін зор мақтаныш, жас спортшы қызымыздың қажырлы еңбегі мен ерік-жігерінің жемісі!
Назеркені жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да ел абыройын асқақтатып, талай белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз!