Қармақшы ауданының әкімі М. Қалдарбеков санитарлық тазалыққа жауапты тиісті сала басшыларымен Жосалы кентін аралады.
Көшеге тасталған қоқыс кенттің көркін кетірумен қатар, эпимедимологиялық жағдайға да әсер етеді.
Тазалықты сақтау жергілікті атқарушы органдармен бірге тұрғындарымыздың да ортақ міндеті.
Бүгінгі күні Жосалы кентіне тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген жерге төгуге тыйым салу, тазалықты сақтау мақсатында 40 бейнекамера қойылды.
Жосалы кентін аралау барысында аудан басшысы Мұса Оспанұлы мекемелерді аралап, тазалыққа мән беруді, мөлтек аудан мен қатар шағын көшелерді арнайы көріп тиісті салаға жауапты басшыларға тапсырмалар жүктеді.
-Мен әлеуметтік желілерге түсетін барлық ақпараттарды мұқият қарап отырамын. Тек Жосалы кентінде ғана емес, ауылдық елді мекендерде де санитарлық тазалыққа қатысты түсетін шағымдар аз емес. Ауданымызды қоқыс пен ластықтан тазалау - бәрімізге ортақ жұмыс.
Әрбір мекеме басшысы осы жұмысты бақылауда ұстап отыруы кажет. Жосалы кенті мен елді-мекендердің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы барлық жауапты тұлғалардың үнемі бақылауларында болуы тиіс, - деді аудан әкімі Мұса Қалдарбеков.
Сонымен бірге Жосалы кентінің әкімі Ш. Сыдықов тазалық мекемесімен келісім – шартқа отырмаған жеке сектордағы көпқабатты тұрғын үй иелеріне шара қолданып айыппұл салу міндеттері туралы айтып өтті.
Қорыта айтқанда тазалық бағытында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Деседе тұрғындар осындай игілікті іске атсалысуы қажет екенін де естен шығармауымыз тиіс. Тазалық бірдің емес, мыңның ісі болуы керек.