Лого
Меню
Страницы
Байланыс ақпарат
Әкім аппараты
Қызметі
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Все материалы
Қармақшы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 ақпанындағы № 11 «Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекiту туралы» шешiмiне өзгеріс енгiзу туралы
24 марта 2023

«Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жобаны әзірлеуші орган болып табылады.

Құрметті Қармақшы ауданының тұрғындары, Сіздерді "Қармақшы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 ақпанындағы № 11 «Әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидаларын бекiту туралы» шешiмiне өзгеріс енгiзу туралы

Қармақшы аудандық мәслихатының жобасын талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз. 

Жобаның мәтініне көшу үшін келесі сілтемеге өту қажет:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14459098 

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №249 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
17 марта 2023

«Қармақшы аудандық экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жобаны әзірлеуші орган болып табылады.

Құрметті Қармақшы ауданының тұрғындары, Сіздерді " Қармақшы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №249 «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қармақшы ауданы әкімдігінің қаулы жобасын талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз. 

Жобаның мәтініне көшу үшін келесі сілтемеге өту қажет:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14455946 

2023 жылдың І тоқсанында Қармақшы ауданы бойынша аудан және кент, ауылдық округі әкімдерінің халықпен кездесу барысында айтылған халықтың ұсыныстар мен ескертулерін іске асыру жөніндегі ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
10 марта 2023

(Өткізілген мерзімі: 2023 жыл 15-28 ақпан аралығы)

 

Айтылған ұсыныс/ескертпелер

 

Ұсыныс/ескертпелерді орындау жөніндегі іс шаралар және орындалу мерзімі

Жауапты

орындаушылар

Ескертпе

 

Т.Көмекбаев ауылдық округі

1.      

«Самара-Шымкент-Ақжар-Тұрмағамбет-Т.Көмекбаев» автожолына жөндеу жұмыстары сапалы, уақытылы жүргізілсе

Жоба бойынша тиісті шаралар қабылдау

Мерзімі: ІV тоқсан 2023 жыл

Б.Далабаев

Р.Ефенов

Н.Ахметов

 

2.      

Аяқ сумен қамтылмаған 6 көшеге аяқ су берілсе

Зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс беру

Мерзімі: І тоқсан 2023 жыл

Б.Далабаев

Н.Ахметов

Ә.Омаров

Р.Ефенов

 

Алдашбай ахун ауылдық округі

3.      

Ауылдық округтегі ФАП штат санын көбейту

Заңдылықтарға сәйкес тиісті шаралар қабылдау

Мерзімі: І тоқсан 2023 жыл

Ж.Ерқосаев

Н.Тоғызбаев

Б.Нысанбаев (келісімі бойынша)

 

4.      

Жаңадан клуб үйін салу

Зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс беру

Мерзімі: І тоқсан 2023 жыл

Б.Далабаев

Е.Исаев

 

5.      

Жаңадан жұмыс орындарын ашу

Зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс беру

Мерзімі: І тоқсан 2023 жыл

Ж.Ерқосаев

Н.Тоғызбаев

Ғ.Ақжігітов

 

ІІІ Интернационал ауылдық округі

6.      

Ауылда иесіз иттердің көбейіп кетуіне байланысты жою жолдарын қарастыру

Зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс беру

Мерзімі: І тоқсан 2023 жыл

Ж.Ерқосаев

Н.Сайымов

Н.Бисенбаев (келісімі бойынша)

 

Иіркөл ауылдық округі

7.      

«Балажарма» каналының Жосалы мен Иіркөл ауылдық округтері ортасынан шлюз салу

Зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс беру

Мерзімі: ІІ тоқсан 2023 жыл

Ж.Ерқосаев

Ж.Тулегенов

Ә.Омаров

 

8.      

Жеке шаруа қожалықтарына егістік, шабындық және жайылымдық жерлерді ауылдан шалғай жерлерден беру

Зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс беру

Мерзімі: ІІ тоқсан 2023 жыл

Б.Далабаев

Ж.Ерқосаев

Ә.Омаров

 

9.      

Қорқыт Ата көшесінің №106 орта мектеп бойында орналасқан ғимаратының маңында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолға «Жасанды кедергі» орнату

Зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс беру

Мерзімі: ІІ тоқсан 2023 жыл

Б.Далабаев

Р.Ефенов

 

Жосалы ауылдық округі

10.            

Егістікке қажетті су мөлшерін ұлғайту және егістікті суландыруға жұмсалған электр энергия шығындарын  субсидиялау мәселесін қарастыру

Зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс беру

Мерзімі: І тоқсан 2023 жыл

Ж.Ерқосаев

Ә.Білжанов

Ә.Омаров

 

11.            

Егінге және бақшалық жерлерге қажетті аяқ су мәселесін шешу мақсатында «Балажарма» каналының 10 шақырымын қазу мен тазалау жұмыстарын жүргізу

Зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс беру

Мерзімі: І тоқсан 2023 жыл

Ж.Ерқосаев

Ә.Білжанов

Ә.Омаров

 

Қармақшы ауылдық округі 

12.            

Жеңіс, Сейфуллин, Абай көшелеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу 

Аудандық бюджеттік комиссиясына ұсыныс енгізу

Мерзімі: І тоқсан 2023 жыл

Б.Далабаев

А.Есқараев

Р.Ефенов

 

13.            

Теміржол астынан мал өтетін өткел салу

Зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс беру

Мерзімі: І тоқсан 2023 жыл

Б.Далабаев

Р.Ефенов

 

14.            

Қармақшы ауылдық округіндегі клуб үйіне жаңа ғимарат салу  

Зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс беру

Мерзімі: І тоқсан 2023 жыл

Б.Далабаев

А.Есқараев

Е.Исаев

 

15.            

Фельдшерлік акушерлік пунктіне жаңа ғимарат салу  

Зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс беру

Мерзімі: І тоқсан 2023 жыл

Б.Далабаев

А.Есқараев

Е.Исаев

 

16.            

Қармақшы ауылдық округіне газ тартылса

Зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс беру

Мерзімі: І тоқсан 2023 жыл

Б.Далабаев

Р.Ефенов

 

Ақай ауылдық округі

17.            

Бармин көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу

ЖСҚ құжаттарын жасақтап, сараптамадан өткізіп, бюджетке ұсыныс енгізу

Мерзімі: ІІІ тоқсан 2023 жыл

Б.Далабаев

Р.Ефенов

 

18.            

Ақай ауылының тұсынан Сырдария өзенінің арғы бетіне өтуге қалқымалы көпір салу

Зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс беру

Мерзімі: ІІ тоқсан 2023 жыл

Б.Далабаев

Э.Қазиева

Р.Ефенов

 

19.            

2023 жылы жөнделетін 3 көшеден басқа қосымша автомобиль жолдарын асфальттау

 

Зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс беру

Мерзімі: ІІ тоқсан 2023 жыл

Б.Далабаев

Э.Қазиева

Р.Ефенов

 

Төретам кенті

20.            

Газ жүргізілмеген Жаңақұрылыс, Құлтасов көшелеріне газ тарту

Газ жүргізілмеген көшелерді анықтап, ұсыныс беру

Мерзімі: І тоқсан 2023 жыл

Б.Далабаев

Р.Ефенов

Г.Елеусинов

 

 

21.            

Газдандыру жұмыстары аяқталғаннан кейін тұрмысы төмен отбасылары тұратын 42 үйге тегін газ тартып беру шараларын қарастыру

Тұрмысы төмен отбасыларды анықтап, ұсыныс беру

Мерзімі: ІІІ тоқсан 2023 жыл

Ж.Ерқосаев

Г.Елеусинов

Ғ.Ақжігітов

 

22.            

Құлтасов көшесін жарықтандыру

Зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс беру

Мерзімі: ІІ тоқсан 2023 жыл

Б.Далабаев

Г.Елеусинов Р.Ефенов

 

23.            

Жәрімбет би көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілсе

Зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс беру

Мерзімі: І тоқсан 2023 жыл

Б.Далабаев

Ә.Омаров

 

Жосалы кенті

24.            

Иесіз иттерді жою

Зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс беру

Мерзімі: І тоқсан 2023 жыл

Ж.Ерқосаев

Ш.Сыдықов

Н.Бисенбаев (келісімі бойынша)

 

25.            

Жосалы кентінің кіре берісі, бұрынғы Шымкент-Самара автожолы бойынан жаяу жүргінші жолын салу

Аудандық бюджеттік комиссиясына ұсыныс енгізу

Мерзімі: І тоқсан 2023 жыл

Б.Далабаев

Ш.Сыдықов

Ж.Ниматулла

 

 

26.            

Жосалы кенті көшелерінің бойына, қиылысына арнайы күл-қоқыс салатын 5 жерге контейнер орнату және тұрғындармен келісім шарт отыруды ұйымдастыру

Зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс беру

Мерзімі: І тоқсан 2023 жыл

Б.Далабаев

Ш.Сыдықов

 

 

27.            

Ә.Қайнарбаев көшесіне электр қуаты әлсіз, арнайы трансформатор орнату

Зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ұсыныс беру

Мерзімі: І тоқсан 2023 жыл 

Б.Далабаев

Ш.Сыдықов

Р.Еспенбетов (келісімі бойынша)

 

 

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
17 февраля 2023

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 15 ақпандағы № 31-ө өкімі.

  1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.
  3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тоқсанның қорытындысы бойынша ақпаратты жинақтасын және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр

Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 15 ақпандағы
№ 31 – ө өкімімен
бекітілген

     

 "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

Р/c №

Құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға

1

2

3

4

5

6

1

 "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

АҚДМ

2022 жылғы ақпан

Б.Ә. Тілепов

2

Қоғамдық медиаторды сайлау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығы

АҚДМ

2022 жылғы наурыз

Б.Ә. Тілепов

3

Қоғамдық медиаторлар тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығы

АҚДМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

2022 жылғы наурыз

 Б.Ә. Тілепов

       Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:

      АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

Балалардың хал-ахуал индексін бекіту туралы
17 февраля 2023

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 1 ақпандағы № 21-ө өкімі

       Балалардың әртүрлі салалардағы жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық саясаттың тиімділігін қадағалау мақсатында:

  1. Қоса беріліп отырған Балалардың хал-ахуал индексі (бұдан әрі – индекс) бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:

      1) жыл сайын 1 маусымға қарай индекске мониторинг жүргізуді;

      2) индекс мониторингінің қорытындыларын Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы мемлекеттік баяндамаға енгізуді қамтамасыз етсін.

  1. Мүдделі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар құзыреті шеңберінде жыл сайын (1 сәуірден кешіктірмей) өткен күнтізбелік жылғы статистикалық деректердің толтырылуын қамтамасыз етсін.

       Премьер-Министр      Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 1 ақпандағы
№ 10-ө өкімімен
бекітілген

 Балалардың хал-ахуал индексі

  1. Осы Балалардың хал-ахуал индексі (бұдан әрі – индекс) балалардың хал-ахуалын және әртүрлі салаларда балаларға жағдай жасауға бағытталған ұлттық саясаттың тиімділік дәрежесін бағалау мақсатында әзірленді.

       Индексті енгізу балалар мен ата-аналардың/заңды өкілдердің (бұдан әрі –ата-аналар) пікірін ескере отырып, өңірлер бойынша әртүрлі салаларда балалардың жағдайын жақсартуға бағытталған шаралардың тиімді іске асуына кедергі келтіретін факторларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

  1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес индекс негізгі 4 бағыттан тұрады: "Бала", "Отбасы және қоғам", "Мемлекеттік саясат", "Елдің әл-ауқаты".
  2. Индекс орнықты даму саласындағы "Ешкімді шетте қалдырмау" қағидатын ескере отырып әзірленді.
  3. Қажетті деректер орталық мемлекеттік органдардың (бұдан әрі – ОМО) және жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО), сондай-ақ халықаралық және отандық зерттеу құрылымдарының ашық дереккөздерінен қалыптастырылатын болады. Сауалнама деректері балалар (ата-анасының рұқсатымен) мен ата-аналарға сауалнама жүргізу арқылы қалыптасады.
  4. Осы индексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) бағыттарды есептеу – бағыттарға кіретін құрамдауыштардың немесе статистикалық/сауалнамалық деректердің арифметикалық орташа мәнін анықтау арқылы жүргізілетін есептеу;

      2) балаларға арналған бюджет – республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерден балалардың қажеттіліктеріне бағдарланған, балаларға арналған бюджет шығыстары;

      3) балалардың қажеттіліктеріне бағдарланған бюджет шығыстары – бұл балалардың қажеттіліктеріне бағдарланған бюджеттік бағдарламалар/кіші бағдарламалар бойынша тікелей және жанама шығыстардың жиынтығы;

      4) баланың хал-ахуалы – баланың физикалық және психологиялық денсаулығын қолдауға және жақсартуға, сапалы біліммен, даму мүмкіндіктерімен, қауіпсіздікпен және басқа да жағдайлармен қамтамасыз етуге бағытталған факторлардың жиынтық әсерінен қалыптасқан жағдайы;

       5) деректерді нормаға айналдыру – деректердің бастапқы (туынды) мәндерін нормалық (орташа) мәнге айналдыру;

      6) жанама шығыстар – балаларды қолдауға және дамытуға тікелей және біржақты бағытталмаған, бірақ халықтың барлық жас санаттарын, оның ішінде балаларды қамтитын нақты шығыстар (мысалы, балалар бөлімшесі бар аурухананы ұстау (жалпы шығыстардағы үлесі); оңалту орталықтарында қарттарға, мүгедектерге, оның ішінде мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету (игілік алушылардың кең ауқымы) және т. б.);

       7) статистикалық/сауалнамалық деректер – балалардың әртүрлі салалардағы, оның ішінде өңірлер бойынша жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер;

      8) қорытынды индексті есептеу – барлық бағыттардың арифметикалық орташа мәнін анықтау жолымен жүргізілетін есептеу;

      9) құрамдауыш – балалардың белгілі бір саладағы жағдайын сипаттайтын статистикалық/сауалнамалық деректер жиынтығы;

      10) мониторинг – балалардың игілігі саласындағы ұлттық саясаттың тиімділігі туралы ақпаратты жинауды, өңдеуді, талдауды, сақтауды және таратуды ұйымдастыру нысаны;

      11) тікелей шығыстар – кәмелетке толғанға дейін балаларды қолдауға және дамытуға тікелей және біржақты бағытталған нақты шығыстар (мысалы, жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, балалар кітапханаларының, балаларға арналған спорт мектептері мен секцияларының, оқушылар сарайларының жұмыс істеуіне, балалардың қоғамдық көлікте тегін жүруін қамтамасыз етуге, балалар ауруханаларына және т.б. арналған шығындар).

 

Балалардың хал-ахуал индексіне
қосымша

 "Бала" бағыты

Р/с№

Деректер

Деректер сипаттамасы

 

1

2

3

4

 

 

Туған 1000 балаға шаққанда 5 жасқа дейін қайтыс болған балалардың саны

 

Сипаты

0-4 жастағы балалардың шетінеу деңгейін көрсететін 5 жасқа дейінгі балалар шетінеуінің коэффициенті

Есептеу формуласы

5m0= 5M0Nt×1000

мұндағы:

5m0 – 5 жасқа дейінгі балалар өлімінің коэффициенті;

5М0 – 5 жасқа дейін (0-4 жасты қоса алғанда) шетінеген балалардың саны;

N t- t есепті жылы тірі туғандар саны

Деректер типі

Статистикалық деректер

Дереккөз

ҚР СЖРА ҰСБ

 

 

 100 000 балаға шаққанда сыртқы себептерден

0-18 жаста қайтыс болған балалардың саны

Сипаты

Қайтыс болудың жас бойынша коэффициенттері күнтізбелік жыл ішінде осы жаста қайтыс болғандар санының осы жастағы адамдардың орташа жылдық санына арақатынасы ретінде есептеледі. Осыған ұқсас, қайтыс болу себептері бойынша қайтыс болу коэффициенттері қайтыс болудың көрсетілген себептерінен қайтыс болғандар санының халықтың орташа жылдық санына арақатынасы ретінде есептеледі

Есептеу формуласы

ASDR0-18i= D0-18iP0-18×100 000

мұндағы:

ASDR0-18i – сыртқы себептерден қайтыс болудың жас шамасының коэффициенті;

 D0-18i – бір жыл ішінде сыртқы себептерден 0-18 жастағы қайтыс болғандар саны;

P0-18 – 0-18 жастағы адамдардың орташа жылдық саны

Деректер типі

Статистикалық деректер

Дереккөз

ҚР СЖРА ҰСБ

 

 

 100 000 балаға шаққанда семіздікке шалдыққан

0-18 жастағы балалардың саны

Сипаты

100 000 балаға шаққанда семіздікке шалдыққан 0-18 жастағы балалардың жалпы саны

Есептеу формуласы

С=N0-18P0-18×100000

 мұндағы:

С – 100 000 балаға шаққанда 0-18 жасқа дейінгі балалар арасында семіздікпен ауыратындар саны;

N0-18 – 0-18 жастағы балалар арасында семіздікпен ауыратындар саны;

P0-18 – 0-18 жастағы адамдардың орташа жылдық саны

Деректер типі

Статистикалық деректер

Дереккөз

 ҚР ДСМ

 

 

100 000 балаға шаққанда 0-18 жастағы балалар арасында ас қорыту органдары ауруларының саны

Сипаты

100 000 балаға шаққанда 0-18 жастағы балалар арасында ас қорыту органдары ауруларының жалпы саны

Есептеу формуласы

C=N0-18P0-18×100 000

мұндағы:

C – 100 000 балаға шаққанда 0-18 жастағы балалар арасында ас қорыту органдары ауруларының саны;

N0-18 – 0-18 жастағы балалар арасында ас қорыту органдары ауруларының саны;

P0-18 – 0-18 жастағы адамдардың орташа жылдық саны

Деректер типі

Статистикалық деректер

Дереккөз

ҚР ДСМ

 

 

Профилактикалық қарап-тексеру нәтижесінде анықталған сымбаты бұзылған 0-14 жастағы балалардың үлесі, %

Сипаты

Профилактикалық қарап-тексеру нәтижесінде анықталған сымбаты бұзылған 0-14 жастағы балалар санының осы жастағы балалардың жалпы санына арақатынасы

Есептеу формуласы

S=N0-14P0-14×100 

 мұндағы:

S – 0-14 жастағы балалардың жалпы санынан профилактикалық қарап-тексеру нәтижесінде анықталған сымбаты бұзылған осы жастағы балалардың үлесі, %;

N0-14 – профилактикалық қарап-тексерулердің нәтижесінде анықталған сымбаты бұзылған 0-14 жастағы балалардың саны;

P0-14 - 0-14 жастағы балалардың орташа жылдық саны

Деректер типі

Статистикалық деректер

Дереккөз

ҚР ДСМ

 

 

 Профилактикалық қарап-тексеру нәтижесінде анықталған көзінің көруі нашарлаған

0-14 жастағы балалардың үлесі, %

Сипаты

 Профилактикалық қарап-тексеру нәтижесінде анықталған көзінің көруі нашарлаған 0-14 жастағы балалардың санына осы жастағы балалардың жалпы санының арақатынасы

Есептеу формуласы

S=N0-14P0-14×100 

 мұндағы:

S – профилактикалық қарап-тексеру нәтижесінде анықталған 0-14 жастағы балалардың жалпы санынан көзінің көруі нашарлаған осы жастағы балалардың үлесі, %.

N0-14 – профилактикалық қарап-тексеру нәтижесінде анықталған көзінің көруі нашарлаған 0-14 жастағы балалар саны;

P0-14 – 0-14 жастағы балалардың орташа жылдық саны

Деректер типі

Статистикалық деректер

Дереккөз

ҚР ДСМ

 

 

Профилактикалық қарап-тексеру нәтижесінде анықталған есту қабілеті нашарлаған және сөйлеу кемістігі бар 0-14 жастағы балалардың үлесі, %

Сипаты

 Профилактикалық қарап-тексеру нәтижесінде анықталған есту қабілеті нашарлаған және сөйлеу кемістігі бар 0-14 жастағы балалар санының осы жастағы балалардың жалпы санына арақатынасы

Есептеу формуласы

S=N0-14P0-14×100 

 мұндағы:

S – профилактикалық қарап-тексеру нәтижесінде анықталған есту қабілеті нашарлаған және сөйлеу кемістігі бар 0-14 жастағы балалардың үлесі, %.

 N0-14 – профилактикалық қарап-тексеру нәтижесінде анықталған есту қабілеті нашарлаған және сөйлеу кемістігі бар 0-14 жастағы балалар саны;

P0-14 – 0-14 жастағы балалардың орташа жылдық саны

Деректер типі

Статистикалық деректер

Дереккөз

ҚР ДСМ

 

 

15-17 жастағы балалар арасында психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық ауытқумен сырқаттану көрсеткіші

Сипаты

Сырқаттану деңгейі алғаш рет белгіленген диагнозы бар науқастар санының тұрақты халықтың орташа жылдық санына қатынасымен айқындалады. Халықтың сырқаттануы туралы деректерді статистикалық әзірлеу үшін сырқаттану мен өлім-жітім туралы мәліметтердің салыстырмалылығын қамтамасыз ететін Аурулардың халықаралық сыныптамасы қолданылады

Есептеу формуласы

C=N15-17P15-17×100 000

мұндағы:

C – 15-17 жастағы 100 000 балаға шаққанда тиісті жастағы балалардың психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық ауытқумен (аурулармен) сырқаттануы;

N15-17 – "психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзушылық (ауру)" деген алғаш анықталған диагнозы бар 15-17 жастағы балалар саны;

P15-17 – 15-17 жастағы адамдардың орташа жылдық саны

Деректер типі

Статистикалық деректер

Дереккөз

ҚР ДСМ

 

 

100 000 балаға шаққанда балалар арасындағы суицид оқиғаларының саны, бірлік

Сипаты

100 000 балаға есептегенде балалар арасындағы суицид оқиғаларының жалпы саны

Есептеу формуласы

C=NP×100 000

мұндағы:

С – 100 000 балаға шаққанда тиісті жастағы балалар арасындағы суицид оқиғаларының саны;

N – балалардың суицидтен қайтыс болуының жалпы саны;

P – балалардың орташа жылдық саны

Деректер типі

Статистикалық деректер

Дереккөз

ҚР БП ҚСжАЕК

 

 

Өмірге қанағаттану деңгейі жоғары 10-18 жастағы балалардың үлесі, %

Сипаты

Өміріне қанағаттануы жоғары екенін атап өткен, сауалнама жүргізілген 10-18 жастағы балалар санының сауалнама жүргізілген 10-18 жастағы балалардың жалпы санына арақатынасы

Есептеу формуласы

S=N10-18R10-18×100

мұндағы:

S – өмірге қанағаттану деңгейі жоғары 10-18 жастағы балалардың үлесі;

N10-18 – өмірге қанағаттану жоғары екенін атап өткен 10-18 жастағы балалар саны;

R10-18 – сауалнама жүргізілген 10-18 жастағы балалардың жалпы саны

Деректер типі

Сауалнама деректері (ата-анасының рұқсатымен 10-18 жастағы балалар арасындағы сауалнама)

Дереккөз

Сауалнама нәтижелері

 

 

Жалпы білім беретін мектепте достар табуы қиын емес 10-18 жастағы балалардың үлесі, %

Сипаты

Достар табуы қиын емес екенін атап өткен, сауалнама жүргізілген 10-18 жастағы балалар санының 10-18 жастағы балалардың жалпы санына арақатынасы (әлеуметтанушылық зерттеу әдісімен)

Есептеу формуласы

S=N10-18R10-18×100

мұндағы:

S – жалпы білім беретін мектепте достар табуы қиын емес 10-18 жастағы балалардың үлесі;

N10-18 – жалпы білім беретін мектепте достар табуы қиын емес екенін атап өткен 10-18 жастағы балалар саны;

R10-18 – сауалнама жүргізілген 10-18 жастағы балалардың жалпы саны

Деректер типі

Сауалнама деректері (ата-анасының рұқсатымен 10-18 жастағы балалар арасындағы сауалнама)

Дереккөз

Сауалнама нәтижелері

 

 

Балалардың құқықтық қорғалу деңгейі, %

Сипаты

Балалардың құқықтық қорғалу деңгейін бағалау, балалардың өз құқықтары мен міндеттерін білуі, оларды практикада қолдануы.

Ата-аналардың, педагогтердің, тәрбиешілердің және бала тәрбиесіне қатысатын басқа да адамдардың, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер өкілдерінің Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы конвенциясының негізгі ережелерін орындауын мониторингтеу

Есептеу формуласы

Әлеуметтанушылық зерттеу нәтижелері (үш көрсеткіштің орташа арифметикалық мәні: балалардың құқықтары туралы хабардар болуы, құқықтардың сақталуына қанағаттануы (өз білімдерін практикада қолдануы), міндеттер туралы хабардар болуы).

Деректер типі

Сауалнама деректері (ата-анасының рұқсатымен 10-18 жастағы балалар арасындағы сауалнама)

Дереккөз

Сауалнама нәтижелері

 

 

Жалпы білім беретін мектеп білім алушыларының білім жетістіктерін мониторингтеу (ББЖМ) нәтижелерінің орташа көрсеткіші, балл

Сипаты

Жалпы білім беретін мектептердің 4 және 9-сынып оқушыларының қорытынды балы

Есептеу формуласы

ББЖМ=БЖ1+БЖ2+ ...БЖnn=i=1nБЖin

мұндағы:

ББЖМ – жалпы білім беретін мектептердің барлық оқушылары бойынша білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингтеу (ББЖМ) нәтижелерінің орташа көрсеткіші;

БЖ – жалпы білім беретін мектеп оқушыларының жетістіктері;

n – жалпы білім беретін мектеп оқушыларының жалпы саны

Деректер типі

Статистикалық деректер

Дереккөз

ҚР БҒМ

 

 

Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) шекті деңгейінен өткен білім алушылардың үлесі, %

Сипаты

ЖОО-ға түсу кезінде шекті деңгейден (ұлттық және медициналық ЖОО-лар – 65 балл, "білім беру", "ауыл шаруашылығы ғылымдары" және "ветеринария" мамандықтарының топтары бойынша – 60 балл, университеттер – 50 балл) өткен жалпы білім беретін мектеп бітірушілері санының ҰБТ-ға қатысқан жалпы білім беретін мектеп бітірушілерінің жалпы санына арақатынасы

Есептеу формуласы

S=NP×100

мұндағы:

S – ЖОО-ға түсу кезінде шекті деңгейден өткен жалпы білім беретін мектеп бітірушілерінің үлесі;

N – ЖОО-ға түсу кезінде шекті деңгейден (ұлттық және медициналық ЖОО-лар – 65 балл, "білім беру", "ауыл шаруашылығы ғылымдары" және "ветеринария" мамандықтарының топтары бойынша – 60 балл, классикалық университеттер – 50 балл) өткен жалпы білім беретін мектеп бітірушілерінің саны;

P – ҰБТ-ға қатысқан жалпы білім беретін мектеп бітірушілерінің жалпы саны

Деректер типі

Статистикалық деректер

Дереккөз

ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы

 "Отбасы және қоғам" бағыты

Р/с №

Деректер

 Деректер сипаттамасы



1

2

3

4

1.

Ата-аналарымен өз проблемаларын ашық талқылай алатын 10-18 жастағы балалардың үлесі, %

Сипаты

Ата-аналарымен өз проблемаларын ашық талқылай алатынын атап өткен 10-18 жастағы респонденттер санының сауалнаманың тиісті сұрағына жауап берген 10-18 жастағы респонденттердің жалпы санына арақатынасы.

Сауалнама нәтижелері бойынша анықталады

Есептеу формуласы

S=N10-18R10-18×100

мұндағы:

S – ата-аналарымен өз проблемаларын ашық талқылай алатын 10-18 жастағы балалардың үлесі;

N10-18 – ата-аналарымен өз проблемаларын ашық талқылай алатынын атап өткен 10-18 жастағы балалар саны;

R10-18 – сауалнаманың тиісті сұрағына жауап берген 10-18 жастағы респонденттердің жалпы саны

Деректер типі

Сауалнама деректері (ата-анасының рұқсатымен 10-18 жастағы балалар арасындағы сауалнама)

Дереккөз

Сауалнама нәтижелері

2.

Отбасында шешім қабылдау кезінде өз пікірінің ескерілетіндігімен толық келісетін 10-18 жастағы балалардың үлесі, %

Сипаты

Отбасында шешім қабылдау кезінде өз пікірінің ескерілетіндігімен толық келісетінін атап өткен 10-18 жастағы респонденттер санының сауалнаманың тиісті сұрағына жауап берген 10-18 жастағы респонденттердің жалпы санына арақатынасы.

Сауалнама нәтижелері бойынша анықталады

Есептеу формуласы

S=N10-18R10-18×100

мұндағы:

S – отбасында шешім қабылдау кезінде өз пікірінің ескерілетіндігімен толық келісетін 10-18 жастағы балалар үлесі;

N10-18 – отбасында шешім қабылдау кезінде өз пікірінің ескерілетіндігін атап өткен 10-18 жастағы балалар саны;

R10-18 – сауалнаманың тиісті сұрағына жауап берген 10-18 жастағы респонденттердің жалпы саны

Деректер типі

Сауалнама деректері (ата-анасының рұқсатымен 10-18 жастағы балалар арасындағы сауалнама)

Дереккөз

Сауалнама нәтижелері

3.

1000 балаға шаққанда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 0-18 жастағы балалар саны, адам

Сипаты

Аталған көрсеткіш заңда белгіленген тәртіппен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған деп танылған 18 жасқа дейінгі балалардың жалпы санының 0-18 жастағы адамдардың бір жылдағы орташа санына қатынасын білдіреді

Есептеу формуласы

C=NP0-18×1000

мұндағы:

C – 0-18 жастағы 1000 балаға шаққанда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тиісті жастағы балалар саны;

N – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 0-18 жастағы балалардың жалпы саны;

P0-18 – 0-18 жастағы адамдардың орташа жылдық саны

Деректер типі

Статистикалық деректер

Дереккөз

ҚР БҒМ

4.

1000 балаға шаққанда өмірде қиын жағдайда жүрген балалар саны, адам

Сипаты

Бұл көрсеткіш өмірде қиын жағдайда деп танылған балалардың жалпы санының бір жылдағы 0-18 жастағы адамдардың орташа санына қатынасын білдіреді

Есептеу формуласы

C=NP0-18×1000

мұндағы:

C – 0-18 жастағы 1000 балаға шаққанда өмірде қиын жағдайда жүрген тиісті жастағы балалар саны;

N – өмірде қиын жағдайда деп танылған 0-18 жастағы балалар саны;

P0-18 – 0-18 жастағы халықтың орташа жылдық саны

Деректер типі

Статистикалық деректер

Дереккөз

ҚР БҒМ

5.

Жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімді елді мекендердің үлесі, %

Сипаты

Жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімді елді мекендер санының елді мекендердің жалпы санына арақатынасы

Есептеу формуласы

S=EiE×100

мұндағы:

S – жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімді елді мекендердің үлесі;

 Ei – жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімді елді мекендердің саны;

E – елді мекендердің жалпы саны

Деректер типі

Статистикалық деректер

Дереккөз

ЖАО

6.

Үйде қосымша оқуға арналған кітаптары бар 10-18 жастағы балалардың үлесі, %

Сипаты

Үйде қосымша білім алу үшін қажетті кітаптар бар екенін атап өткен 10-18 жастағы респонденттер санының сауалнаманың тиісті сұрағына жауап берген 10-18 жастағы респонденттердің жалпы санына арақатынасы.

Сауалнама нәтижелері бойынша анықталады

Есептеу формуласы

S=N10-18R10-18×100

мұндағы:

S – үйде қосымша білім алу үшін қажетті кітаптар бар екенін атап өткен 10-18 жастағы балалардың үлесі;

N10-18 – үйде қосымша білім алу үшін қажетті кітаптар бар екенін атап өткен 10-18 жастағы балалар саны;

R10-18 – сауалнаманың тиісті сұрағына жауап берген 10-18 жастағы респонденттердің жалпы саны

Деректер типі

Сауалнама деректері (ата-анасының рұқсатымен 10-18 жастағы балалар арасындағы сауалнама)

Дереккөз

Сауалнама нәтижелері

7.

Оқуға арналған компьютерлік техникасы бар 10-18 жастағы балалардың үлесі, %

Сипаты

Оқуға арналған компьютерлік техникасы бар екенін атап өткен 10-18 жастағы респонденттер санының сауалнамадағы тиісті сұраққа жауап берген 10-18 жастағы респонденттердің жалпы санына арақатынасы.

Сауалнама нәтижелері бойынша анықталады

Есептеу формуласы

S=N10-18R10-18×100

мұндағы:

S – оқуға арналған компьютерлік техникасы бар екенін атап өткен 10-18 жастағы балалардың үлесі;

N10-18 – оқуға арналған компьютерлік техникасы бар екенін атап өткен 10-18 жастағы балалар саны;

R10-18 – сауалнаманың тиісті сұрағына жауап берген 10-18 жастағы респонденттердің жалпы саны

Деректер типі

Сауалнама деректері (ата-анасының рұқсатымен 10-18 жастағы балалар арасындағы сауалнама)

Дереккөз

Сауалнама нәтижелері

8.

Күн сайын көкөністер мен жемістер тұтынатын балалардың үлесі, %

Сипаты

Күн сайын көкөністер мен жемістерді тұтынатынын атап өткен 10-18 жастағы респонденттер санының сауалнаманың тиісті сұрағына жауап берген 10-18 жастағы респонденттердің жалпы санына арақатынасы.

Сауалнама нәтижелері бойынша анықталады

Есептеу формуласы

S=N10-18R10-18×100

мұндағы:

S – күн сайын көкөністер мен жемістерді тұтынатынын атап өткен 10-18 жастағы балалардың үлесі;

N10-18 – күн сайын көкөністер мен жемістерді тұтынатынын атап өткен 10-18 жастағы балалар саны;

R10-18 – сауалнаманың тиісті сұрағына жауап берген 10-18 жастағы респонденттердің жалпы саны

Деректер типі

Сауалнама деректері (ата-анасының рұқсатымен 10-18 жастағы балалар арасындағы сауалнама)

Дереккөз

Сауалнама нәтижелері

9.

Тұрғын үймен қамтамасыз етілген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың кезекте тұрған осы санаттағы азаматтардың жалпы санындағы үлесі, %

Сипаты

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санының тұрғын үй кезегінде тұрған осы санаттағы азаматтардың жалпы санына арақатынасы

Есептеу формуласы

S=AP×100

мұндағы:

S – тұрғын үймен қамтамасыз етілген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың кезекте тұрған осы санаттағы азаматтардың жалпы санындағы үлесі;

A – тұрғын үй алған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны;

P – тұрғын үй алуға кезекте тұрған осы санаттағы азаматтардың жалпы саны

Деректер типі

Статистикалық деректер

Дереккөз

ЖАО, ИИДМ

10.

Жеке бөлмесі бар немесе үйде тұратын бір адамға кемінде 15 шаршы метр тұрғын алаңы тиесілі балалардың үлесі

Сипаты

Жеке бөлмесі бар немесе үйде тұратын бір адамға кемінде 15 шаршы метр тұрғын алаңы тиесілі екенін атап өткен респонденттер (ата-аналар) санының қатынасы

Есептеу формуласы

S=NR×100

мұндағы:

S – жеке бөлмесі бар немесе үйде тұратын бір адамға кемінде 15 шаршы метр тұрғын алаңы тиесілі балалардың үлесі;

N – балаларының жеке бөлмесі бар екенін немесе үйде тұратын бір адамға кемінде 15 шаршы метр тұрғын алаңы тиесілі екенін атап өткен ата-аналардың саны;

R – сауалнаманың тиісті сұрағына жауап берген респонденттердің (ата-аналардың) жалпы саны

Деректер типі

Сауалнама деректері (ата-аналар арасындағы сауалнама)

Дереккөз

Сауалнама нәтижелері

11.

Жұмыс жүктемесіне байланысты балаларына жеткілікті уақыт бөле алмайтын ата-аналардың үлесі, %

Сипаты

Жұмыс жүктемесіне байланысты балаларына жеткілікті уақыт бөле алмайтынын атап өткен сауалнамаға қатысқан ата-аналар санының сауалнаманың тиісті сұрағына жауап берген сауалнама жүргізілген ата-аналардың жалпы санына арақатынасы

Есептеу формуласы

S=AR×100

мұндағы:

S – жұмыс жүктемесіне байланысты балаларына жеткілікті уақыт бөле алмайтынын атап өткен ата-аналардың үлесі;

A – жұмыс жүктемесіне байланысты балаларына жеткілікті уақыт бөле алмайтын ата-аналардың саны;

R - сауалнаманың тиісті сұрағына жауап берген ата-аналардың жалпы саны

Деректер типі

Сауалнама деректері (ата-аналар арасындағы сауалнама)

Дереккөз

Сауалнама нәтижелері

12.

Қорлауға/жәбірлеуге, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы қорлауға/жәбірлеуге ұшыраған 10-18 жастағы балалардың үлесі, %

Сипаты

Қорлауға/жәбірлеуге, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы қорлауға/жәбірлеуге ұшырағанын атап өткен 10-18 жастағы респонденттер санының сауалнаманың тиісті сұрағына жауап берген 10-18 жастағы респонденттердің жалпы санына қатынасы.

Сауалнама нәтижелері бойынша анықталады

Есептеу формуласы

S=N10-18R10-18×100

мұндағы:

S – қорлауға/жәбірлеуге, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы қорлауға/жәбірлеуге ұшырағанын атап өткен 10-18 жастағы балалардың үлесі;

N10-18 – қорлауға/жәбірлеуге, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы қорлауға/жәбірлеуге ұшырағанын атап өткен 10-18 жастағы балалар саны;

R10-18 – сауалнаманың тиісті сұрағына жауап берген 10-18 жастағы респонденттердің жалпы саны

Деректер типі

Сауалнама деректері (ата-анасының рұқсатымен 10-18 жастағы балалар арасындағы сауалнама)

Дереккөз

Сауалнама нәтижелері

13.

Жалпы білім беретін мектептегі қоғамдық өмірге қатысатындығымен толық келісетін 10-18 жастағы балалардың үлесі, %

Сипаты

Жалпы білім беретін мектептегі қоғамдық өмірге қатысатындығымен толық келісетіндерін атап өткен 10-18 жастағы респонденттер санының сауалнаманың тиісті сұрағына жауап берген 10-18 жастағы респонденттердің жалпы санына арақатынасы.

Сауалнама нәтижелері бойынша анықталады

Есептеу формуласы

S=N10-18R10-18×100

мұндағы:

S – жалпы білім беретін мектептегі қоғамдық өмірге қатысатынымен толық келісетінін атап өткен 10-18 жастағы балалардың үлесі;

N10-18 – жалпы білім беретін мектептегі қоғамдық өмірге қатысатынымен толық келісетінін атап өткен 10-18 жастағы балалардың саны;

R10-18 – сауалнаманың тиісті сұрағына жауап берген 10-18 жастағы респонденттердің жалпы саны

Деректер типі

Сауалнама деректері (ата-анасының рұқсатымен 10-18 жастағы балалар арасындағы сауалнама)

Дереккөз

Сауалнама нәтижелері

14.

Бір аптада көше ойындарына арналған күн саны (10-18 жастағы балалар) немесе аптасына ашық ауада өткізілетін сағат саны (аптасына 4 және одан да көп сағат)

Сипаты

 Бұл көрсеткіш аптасына балалардың ашық ауада өткізетін орташа уақыт санын білдіреді.

Сауалнама нәтижелері бойынша анықталады

Есептеу формуласы

Сауалнаманың тиісті сұрағына респонденттер жауаптарының орташа көрсеткішін шығару арқылы есептеледі

Деректер типі

Сауалнама деректері (ата-анасының рұқсатымен 10-18 жастағы балалар арасындағы сауалнама)

Дереккөз

Сауалнама нәтижелері

 "Мемлекеттік саясат" бағыты

Р/с №

Деректер

 Деректер сипаттамасы



1

2

3

4

1.

Жалпы білім беретін мектепте оқығанды ұнататын 10-18 жастағы балалардың үлесі, %

Сипаты

Жалпы білім беретін мектепте оқығанды ұнататынын атап өткен 10-18 жастағы респонденттер санының сауалнаманың тиісті сұрағына жауап берген 10-18 жастағы респонденттердің жалпы санына арақатынасы. Сауалнама нәтижелері бойынша анықталады

Есептеу формуласы

S=N10-18R10-18×100

мұндағы:

S – жалпы білім беретін мектепте оқығанды ұнататын 10-18 жастағы балалардың үлесі;

N – жалпы білім беретін мектепте оқығанды ұнататындығын атап өткен 10-18 жастағы балалар саны;

R0-18 – сауалнаманың тиісті сұрағына жауап берген 10-18 жастағы респонденттердің жалпы саны

Деректер типі

Сауалнама деректері (ата-анасының рұқсатымен 10-18 жастағы балалар арасындағы сауалнама)

Дереккөз

Сауалнама нәтижелері

2.

Ата-аналар мен мектептің өзара іс-қимыл деңгейі, %

Сипаты

Бұл көрсеткіш ата-аналардың балалары оқитын жалпы білім беретін мектеппен өзара іс-қимыл деңгейін білдіреді. Респонденттердің бірнеше тиісті сұрақтарға жауаптарының нәтижелері бойынша қалыптастырылады

Есептеу формуласы

Сауалнаманың тиісті сұрақтарына респонденттер жауаптарының орташа көрсеткішін шығару арқылы есептеледі

Деректер типі

Сауалнама деректері (ата-аналар арасындағы сауалнама)

Дереккөз

Сауалнама нәтижелері

3.

 Мектепке дейінгі білім берумен қамтылған 1-6 жастағы балалардың үлесі, %

Сипаты

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша тәрбиемен және оқытумен қамтылған 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар санының мектепке дейінгі ұйымдарда және мектепалды сыныптарда орын алуға тіркелген, жыл ішінде өз кезектілігін растаған (өзектендірген) осы жас тобындағы балалардың жалпы санына арақатынасы

Есептеу формуласы

S=G1-6F1-6×100

 мұндағы:

 S – мектепке дейінгі біліммен қамтылған 1-6 жастағы балалардың үлесі;

 G1-6 – мектепке дейінгі ұйымдармен және мектепалды сыныптармен қамтылған 1-6 жастағы балалар саны;

F1-6 – мектепке дейінгі ұйымдармен, мектептердің мектепалды сыныптарымен қамтылған 1-6 жасқа дейінгі балалар саны және мектепке дейінгі ұйымдарға баратын және бір мезгілде кезекте тіркелген балаларды және мектеп жасына жеткеннен кейін мектептердің бастауыш сыныптарында оқитын балаларды есепке алмағанда, кезекте тіркелген балалар саны

Деректер типі

Статистикалық деректер

Дереккөз

ҚР БҒМ

4.

Мектептегі тамақтану сапасына қанағаттанатын 10-18 жастағы балалардың үлесі, %

Сипаты

Мектептегі тамақтану сапасына қанағаттанатынын атап өткен сауалнама жүргізілген балалар санының сауалнаманың тиісті сұрағына жауап берген балалардың жалпы санына қатынасы.

Сауалнама нәтижелері бойынша анықталады

Есептеу формуласы

S=N10-18R10-18×100

мұндағы:

S – мектептегі тамақтану сапасына қанағаттанатынын атап өткен 10-18 жастағы балалардың үлесі;

N10-18 – мектептегі тамақтану сапасына қанағаттанатын 10-18 жастағы балалар саны;

R10-18 – сауалнаманың тиісті сұрағына жауап берген 10-18 жастағы сауалнама жүргізілген балалардың жалпы саны

Деректер типі

Сауалнама деректері (ата-анасының рұқсатымен 10-18 жастағы балалар арасындағы сауалнама)

Дереккөз

Сауалнама нәтижелері

5.

Оқу-тәрбие процесіне және қосымша білім беруге қанағаттанатын ата-аналардың үлесі, %

Сипаты

Мектептегі оқу-тәрбие процесіне және қосымша білім беруге қанағаттанатынын атап өткен сауалнама жүргізілген ата-аналар санының сауалнаманың тиісті сұрағына жауап берген ата-аналардың жалпы санына арақатынасы.

Сауалнама нәтижелері бойынша анықталады

Есептеу формуласы

S=NR×100

мұндағы:

S – оқу-тәрбие процесіне және қосымша білім беруге қанағаттанатынын атап өткен ата-аналардың үлесі;

N – оқу-тәрбие процесіне және қосымша білім беруге қанағаттанатын ата-аналардың саны;

 R – сауалнаманың тиісті сұрағына жауап берген ата-аналардың жалпы саны

Деректер типі

Сауалнама деректері (ата-аналар арасындағы сауалнама)

Дереккөз

Сауалнама нәтижелері

6.

Қосымша білім берумен қамтылған балалардың үлесі

Сипаты

Қосымша білім берумен қамтылған балалар санының жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың жалпы санына арақатынасы

Есептеу формуласы

 S= GF×100

мұндағы:

S – қосымша білім берумен қамтылған оқушылардың үлесі;

 G – жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарындағы қосымша білім берумен қамтылған мектеп оқушыларының саны;

F – жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың жалпы саны

Деректер типі

Статистикалық деректер

Дереккөз

ҚР БҒМ

7.

Психологиялық-педагогикалық қолдаумен және ерте түзетумен қамтылған мүмкіндігі шектеулі балалардың үлесі, %

Сипаты

Психологиялық-педагогикалық қолдаумен және ерте түзетумен қамтылған даму мүмкіндіктері шектеулі балалар санының даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санына арақатынасы

Есептеу формуласы

 S= GF×100

мұндағы:

S – психологиялық-педагогикалық қолдаумен және ерте түзетумен қамтылған даму мүмкіндігі шектеулі балалардың үлесі;

G – арнайы ұйымдарда (ППТК, ОО, аутизм-орталықтар, логопедтік пункттер, ИҚК) арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен және ерте түзетумен қамтылған даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың саны;

F – даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы саны

Деректер типі

Статистикалық деректер

Дереккөз

ҚР БҒМ

8.

Жалпы білім беретін мектептердің жалпы санындағы үш ауысымда оқытатын жалпы білім беретін мектептердің үлесі

Сипаты

Үш ауысымда оқытатын жалпы білім беретін мектептер санының жалпы білім беретін мектептер санына арақатынасы

Есептеу формуласы

S=TF×100

мұндағы:

S – жалпы білім беретін мектептердің жалпы санындағы үш ауысымды мектептердің үлесі;

T – үш ауысымда оқитын жалпы білім беретін мектептер саны;

F – жалпы білім беретін мектептердің саны

Деректер типі

Статистикалық деректер

Дереккөз

ҚР БҒМ

9.

Ауызсудың негізгі көздерімен, жылы дәретханамен және қол жуу құралдарымен қамтамасыз етілмеген мектепке дейінгі ұйымдардың және жалпы білім беретін мектептердің үлесі

Сипаты

Ауызсудың негізгі көздерімен, жылы дәретханамен және қол жуу құралдарымен қамтамасыз етілмеген мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы білім беретін мектептер санының мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы білім беретін мектептердің жалпы санына арақатынасы

Есептеу формуласы

S= Sch tSch×100

мұндағы:

S – ауызсудың негізгі көздерімен, жылы дәретханамен және қол жуу құралдарымен қамтамасыз етілмеген мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы білім беретін мектептердің үлесі;

 Scht – ауызсудың негізгі көздерімен, жылы дәретханамен және қол жуу құралдарымен қамтамасыз етілмеген мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы білім беретін мектептердің саны;

H – мектепке дейінгі ұйымдар мен жалпы білім беретін мектептердің жалпы саны

Деректер типі

Сауалнама деректері (ата-анасының рұқсатымен 10-18 жастағы балалар арасындағы сауалнама)

Дереккөз

Сауалнама нәтижелері

10.

Мемлекеттік білім беру ұйымдарында қаржылық және материалдық көмекпен қамтылған балалардың үлесі, %

Сипаты

Мемлекеттік білім беру ұйымдарында қаржылық және материалдық көмекпен қамтылған балалар санының мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы балалардың жалпы санына арақатынасы

Есептеу формуласы

 S= GF×100

мұндағы:

S – мемлекеттік білім беру ұйымдарында қаржылық және материалдық көмекпен қамтылған балалардың үлесі;

G – мемлекеттік білім беру ұйымдарында қаржылық және материалдық көмекпен қамтылған балалар саны;

F – мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы балалардың жалпы саны

Деректер типі

Статистикалық деректер

Дереккөз

ҚР СЖРА ҰСБ

11.

Тұру үшін тұрғын үйді жалға алатын балалы отбасылардың үлесі, %

Сипаты

Жалға алынған тұрғын үйде тұратындарын атап өткен ата-аналар санының сауалнаманың тиісті сұрағына жауап берген ата-аналардың жалпы санына арақатынасы

Есептеу формуласы

S=NR×100

мұндағы:

S – тұру үшін тұрғын үйді жалға алатын балалы отбасылардың үлесі;

N – жалға алынған тұрғын үйде тұратындарын атап өткен респонденттердің саны;

R – сауалнаманың тиісті сұрағына жауап берген респонденттердің жалпы саны

Деректер типі

Сауалнама деректері (ата-аналар арасындағы сауалнама)

Дереккөз

Сауалнама нәтижелері

12.

Балалардың қажеттіліктеріне бағытталған бюджет шығындарының үлесі, %

Сипаты

Балаларды қолдауға және дамытуға бағытталған облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) республикалық немесе жергілікті бюджеттік бағдарламалары/кіші бағдармалары бойынша нақты шығыстар сомасының республикалық/жергілікті бюджеттердің нақты шығындарының жалпы көлеміне арақатынасы

Есептеу формуласы

S= GF×100

 мұндағы:

 S – балалардың қажеттіліктеріне бағытталған нақты шығындар үлесі;

 G – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) республикалық немесе жергілікті бюджеттік бағдарламалары бойынша балаларды қолдауға және дамытуға бағытталған нақты шығыстар сомасы;

 F – республикалық бюджеттің және облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінің нақты шығындарының жалпы көлемі.

Балалардың қажеттіліктеріне арналған шығыстар мынадай бағыттар бойынша айқындалады: денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, қауіпсіздік, инфрақұрылым, мәдениет пен спорт және балалардың мүдделерін қозғайтын және мемлекет қаржыландыратын өзге де бағыттар.

Орталық мемлекеттік органдар – республикалық бюджеттік бағдарламалардың/кіші бағдарламалардың әкімшілері және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар есептік жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне балаларға арналған бюджет бойынша есептілік ұсынады.

Балаларға арналған бюджет есептілігінде мынадай ақпарат қамтылуға тиіс:

балаларға арналған шығыстарды қамтитын бюджеттік бағдарламаның/кіші бағдарламаның атауы;

балалардың қажеттіліктеріне бағытталған тиісті бюджеттік бағдарлама/кіші бағдарлама бойынша жоспарлы және нақты шығыстар сомасы;

бенефициар-балаларды бөле отырып, тиісті бюджеттік бағдарлама/кіші бағдарлама бойынша бенефициарлар саны.

Балаларға арналған бюджетте бюджеттік бағдарламалар/кіші бағдарламалар бойынша тікелей және жанама шығыстар қамтылуға тиіс.

Балаларға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде бюджеттік бағдарлама/кіші бағдарлама бойынша тікелей шығыстар толық көлемде ескеріледі.

Бюджеттік бағдарлама/кіші бағдарлама бойынша жанама шығыстар мынадай формула бойынша айқындалады:

 Ei=Eg×NkNt

мұндағы:

 Ei – бюджеттік бағдарлама бойынша балаларға арналған жанама шығыстар;

Eg – бюджеттік бағдарлама бойынша жалпы нақты шығыстар;

Nk – бюджеттік бағдарлама шеңберінде қаржыландырумен қамтылған балалар саны;

Nt – бюджеттік бағдарлама шеңберінде қаржыландырылатын бенефициарлардың жалпы саны

Деректер типі

Статистикалық деректер

Дереккөз

ЖАО, ОМО

13.

Медициналық оңалтумен қамтылған мүмкіндігі шектеулі балалардың үлесі, %

Сипаты

Медициналық оңалтумен қамтылған мүмкіндігі шектеулі балалар санының мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санына арақатынасы, %

Есептеу формуласы

S=NP×100 

 мұндағы:

S – медициналық оңалтумен қамтылған мүмкіндігі шектеулі балалардың үлесі, %;

N  – медициналық оңалтумен қамтылған мүмкіндігі шектеулі балалардың саны;

P – мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы саны

Деректер типі

Статистикалық деректер

Дереккөз

ҚР ДСМ

14.

Психофизикалық даму скринингімен қамтылған сәби жасындағы (3 жасқа дейінгі) балалардың үлесі, %

Сипаты

Психофизикалық даму скринингімен қамтылған 3 жасқа дейінгі балалар санының 3 жасқа дейінгі балалардың жалпы санына арақатынасы

Есептеу формуласы

S= N0-2P0-2×100

мұндағы:

 S – психофизикалық даму скринингімен қамтылған сәби жасындағы (3 жасқа дейінгі) балалардың үлесі;

 N0-2 – психофизикалық даму скринингімен қамтылған сәби жасындағы (3 жасқа дейін) балалар саны;

P0-2 – 0-2 жастағы адамдардың орташа жылдық саны

Деректер типі

Статистикалық деректер

Дереккөз

ҚР ДСМ

 "Елдің әл-ауқаты" бағыты

Р/с№

 

 

Деректер

 Деректер сипаттамасы



1

2

3

4

1.

Халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім, мың теңге

Сипаты

Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім ағымдағы бағалардағы жалпы өңірлік өнімнің тиісті өңір халқының орташа жылдық санына қатынасы ретінде есептеледі

Есептеу формуласы

ЖӨӨжан басына шаққанда=ЖӨӨ Халық саныорташа*1000

мұндағы:

ЖӨӨжан басына шаққанда – халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім;

ЖӨӨ  – жалпы өңірлік өнім;

Халық саныорташа – есепті кезеңде тиісті өңірдегі халықтың орташа саны

Деректер типі

Статистикалық деректер

Дереккөз

ҚР СЖРА ҰСБ (ақпарат Ұлттық статистика бюросының "stat.gov.kz" ресми сайтында "Негізгі бет – Ресми статистика – Салалар бойынша – Ұлттық шоттар статистикасы" бөлімінде орналастырылған)

2.

Жұмыссыздық деңгейі, %

Сипаты

Еңбек нарығын сипаттайтын көрсеткіштер бойынша ақпаратты жинау "Халықтың жұмыспен қамтылуын іріктемелі зерттеу сауалнамасы" (индексі Т-001, кезеңділігі – айлық) жалпымемлекеттік статистикалық байқауының статистикалық нысанын пайдалана отырып, халықты іріктеп зерттеу жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Тұрғындарға сауалнама сұхбат жүргізу әдісімен, интервьюерлердің үй шаруашылықтарына тікелей баруы арқылы жүзеге асырылады.

Жұмыссыздық деңгейі туралы ресми статистикалық ақпарат мынадай топтар бойынша қалыптастырылады:

1) тұрғылықты жерінің типі;

2) өңірлер;

3) жынысы;

4) жас тобы;

5) білім деңгейі.

Есептеу формуласы

Жұмыссыздық деңгейі жұмыссыздардың жұмыс күшіндегі үлесі ретінде есептеледі, пайызбен өлшенеді

Деректер типі

Статистикалық деректер

Дереккөз

ҚР СЖРА ҰСБ

3.

Ауадағы ұсақ қатты бөлшектердің деңгейі PM 2,5 (ауа сапасы), %

Сипаты

Атмосфераның беткі қабатындағы PM 2,5 концентрациясы (диаметрі 2,5 микрон болатын қатты бөлшектер, олар 50% сіңіру тиімділігінде фракциялар бойынша бөлінумен ауа тартқыш арқылы өтеді) ретінде өлшенетін қатты бөлшектердің ықпалы

Есептеу формуласы

 АЛИ 5 = (qорт.iШРКi)*С i,

мұндағы:

 qорт.i – заттың орташа концентрациясы;

ШРКi – i-заттың орташа тәуліктік шекті рұқсат етілген концентрациясы;

Сi – ластаушы қоспа қауіптілігінің

1, 2, 3 және 4-сыныптары үшін тиісінше 1,7; 1,3; 0,1 және 0,9-ға тең қабылданатын i-заттың қауіптілік сыныбына байланысты коэффициент

Деректер типі

Статистикалық деректер

Дереккөз

ҚР ЭГТРМ "Қазгидромет" РМК

4.

Су ресурстары сапасының деңгейі, %

Сипаты

 Гидрохимиялық көрсеткіштер бойынша су сапасының негізгі өлшемшарттары балық шаруашылығы, шаруашылық-ауызсу және коммуналдық-тұрмыстық су пайдаланатын су айдындары үшін ластаушы заттардың ШРК мәні болып табылады. Құрлықтың жер үсті суларының ластану деңгейі ерітілген оттегі мен ОБТ 5-ті қоса алғанда, алты көрсеткіш үшін есептелетін су ластануының кешенді индексінің (СЛИ6) шамасы бойынша бағаланады

Есептеу формуласы

СЛИ6 = (qср.iШРКi)/6,

мұндағы:

 q орт. i – i заттың орташа концентрациясы;

ШРКi – i-заттың орташа тәуліктік шекті рұқсат етілген концентрациясы;

6 – есептеу үшін пайдаланылатын, ШРК-дан асатынына немесе аспайтынына қарамастан, ең үлкен мәндерге ие көрсеткіш-ингредиенттердің (пестицидтерден басқа) қатаң лимиттелетін саны.

СЛИ мөлшері бойынша су сапасының жіктелуі былайша айқындалады:

1) 0,3-тен кем немесе оған тең - таза;

2) 0,3-1,0-ден астам – салыстырмалы түрде таза;

3) 1,0-2,5-тен астам – орташа ластанған;

4) 2,5-4,0-тен астам – ластанған;

5) 4,0-6,0-дан астам – лас;

6) 6,0-10,0-нан көп – өте лас;

7) 10,0-нан астам – тым қатты ластанған.

Деректер типі

Статистикалық деректер

Дереккөз

ҚР ЭГТРМ "Қазгидромет" РМК

5.

Қатты жабыны бар аудандық/ облыстық маңызы бар жолдардың үлесі, %

Сипаты

Қатты жабыны бар автомобиль жолдары ұзындығының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығына арақатынасы

Есептеу формуласы

S= RhcR×100

мұндағы:

S – қатты жабыны бар автомобиль жолдарының үлесі;

Rhc – қатты жабыны бар автомобиль жолдарының ұзындығы;

R – автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы

Деректер типі

Статистикалық деректер

Дереккөз

ҚР СЖРА ҰСБ

6.

Аула/көше ойындарына арналған орындардың, оның ішінде спорт құрылыстарының қолжетімділігі, %

Сипаты

Ауласында аула алаңдары мен спорт құрылыстары бар екенін атап өткен сауалнама жүргізілген 10-18 жастағы балалар мен ата-аналар санының сауалнама жүргізілген 10-18 жастағы балалар мен ата-аналардың жалпы санына арақатынасы

Есептеу формуласы

S=NR×100

мұндағы:

 S – ауласында аула алаңдары мен спорт құрылыстары бар екенін атап өткен 10-18 жастағы балалар мен ата-аналардың үлесі:

N – ауласында аула алаңдары мен спорт құрылыстары бар екенін атап өткен 10-18 жастағы балалар мен ата-аналар саны;

P – сауалнама жүргізілген 10-18 жастағы балалар мен ата-аналардың жалпы саны

Деректер типі

Сауалнама деректері (ата-анасының рұқсатымен 10-18 жастағы балалар арасындағы сауалнама)

Дереккөз

Сауалнама нәтижелері

7.

Уәкілетті органның қабылданған тиісті стандарттары мен талаптарына сәйкес келетін бейнебақылаумен қамтамасыз етілген ЖАО-ға ведомстволық бағынысты күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін орта білім беру ұйымдарының үлесі

 

Сипаты

Уәкілетті органның қабылданған тиісті стандарттары мен талаптарына сәйкес келетін бейнебақылаумен қамтамасыз етілген ЖАО-ға ведомстволық бағынысты күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін орта білім беру ұйымдарының ЖАО-ға ведомстволық бағынысты күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін орта білім беру ұйымдарының санына арақатынасы

Есептеу формуласы

S= EcamE×100

мұндағы:

S – уәкілетті органның қабылданған тиісті стандарттары мен талаптарына сәйкес келетін бейнебақылаумен қамтамасыз етілген ЖАО-ға ведомстволық бағынысты күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін орта білім беру ұйымдарының үлесі;

Ecam– уәкілетті органның қабылданған тиісті стандарттары мен талаптарына сәйкес келетін бейнебақылаумен қамтамасыз етілген ЖАО-ға ведомстволық бағынысты күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін орта білім беру ұйымдары;

 E – ЖАО-ға ведомстволық бағынысты күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін орта білім беру ұйымдарының жалпы саны

Деректер типі

Статистикалық деректер

Дереккөз

ҚР ІІМ, ҚР БҒМ

8.

Орталық кәрізбен жабдықталған барлық тұрғын үй қорының жалпы алаңының үлесі, %

Сипаты

Орталық кәрізбен жабдықталған тұрғын үй қоры көлемінің тұрғын үй қорының жалпы көлеміне арақатынасы

Есептеу формуласы

S= HhgH×100

мұндағы:

S – орталық кәрізбен жабдықталған барлық тұрғын үй қорының жалпы алаңының үлесі;

Hhg– орталық кәрізбен жабдықталған тұрғын үй қорының көлемі;

H – тұрғын үй қорының жалпы көлемі.

Деректер типі

Статистикалық деректер

Дереккөз

ҚР СЖРА ҰСБ

9.

Белгіленген сапа нормаларына сәйкес келмейтін ауызсу сынамаларының үлесі, %

Сипаты

Көрсеткіш әртүрлі көздерден (су дайындаудан өткен, ашық су жинағыштардан, ұңғымалардан, құдықтардан және осыған ұқсастардан) алынған ауызсу сынамаларының жалпы санындағы ауызсу сапасының нормаларына сай келмейтін сынамалардың үлесі ретінде айқындалады. Пайызбен өлшенеді. Көрсеткіш ауызсудың адам денсаулығына тікелей байланысты параметрлерге сәйкестігі туралы қолданыстағы деректер негізінде есептеледі

Есептеу формуласы

Сынамалардың сәйкестік көрсеткіші = T-ET×100

мұндағы:

T – уақыт (жыл);

E – осы аумақтық бірліктегі сынамалардың сәйкес келмейтін нормаларының саны

Деректер типі

Статистикалық деректер

Дереккөз

ҚР СЖРА ҰСБ

10.

Жалпы білім беретін мектептердің жалпы санындағы авариялық мектептердің үлесі, %

Сипаты

Авариялық күйдегі жалпы білім беретін мектептер санының жалпы білім беретін мектептердің жалпы санына арақатынасы

Есептеу формуласы

 S= GF×100

мұндағы:

S – жалпы білім беретін мектептердің жалпы санындағы авариялық мектептердің үлесі;

G – авариялық күйдегі жалпы білім беретін мектептердің саны;

F – жалпы білім беретін мектептердің жалпы саны

Деректер типі

Статистикалық деректер

Дереккөз

ҚР БҒМ

11.

Автобус аялдамасынан кемінде 15 минут жаяу жүретін жерде тұратын 10-18 жастағы балалардың үлесі, %

Сипаты

Автобус аялдамасынан кемінде 15 минут жаяу жүретін жерде тұратынын атап өткен 10-18 жастағы балалар санының сауалнама жүргізілген 10-18 жастағы балалардың жалпы санына арақатынасы

Есептеу формуласы

S=N10-18R10-18×100

мұндағы:

S – автобус аялдамасынан кемінде 15 минут жаяу жүретін жерде тұратын 10-18 жастағы балалардың үлесі;

N10-18 – автобус аялдамасынан кемінде 15 минут жаяу жүретін жерде тұратынын атап өткен 10-18 жастағы балалар саны;

 R10-18 – сауалнама жүргізілген 10-18 жастағы балалардың жалпы саны

Деректер типі

Сауалнамалық дерек (ата-анасының рұқсатымен 10-18 жастағы балалар арасындағы сауалнама)

Дереккөз

Сауалнама нәтижелері

12.

100 000 балаға шаққанда балаларға қатысты қылмыстар саны, бірлік

Сипаты

Қылмыс деңгейі – балалардың белгілі бір санына (әдетте, 100 000) есептегенде тіркелген қылмыстар саны

Есептеу формуласы

C=NP0-18×100 000

мұндағы:

C – 100 000 балаға шаққанда балаларға қатысты қылмыстар саны;

 N – балаларға қатысты қылмыстар саны (жылына);

P0-18 – 0-18 жастағы адамдардың орташа жылдық саны

Деректер типі

Статистикалық деректер

Дереккөз

ҚР БП ҚСжАЕК

13.

100 000 балаға шаққанда кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушы

лығына қарсы қылмыстардың саны, бірлік

Сипаты

Кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыс деңгейі балалардың белгілі бір санына (әдетте, 100 000) есептегенде кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы тіркелген қылмыстар саны

Есептеу формуласы

C=NP0-18×100 000

мұндағы:

C – 100 000 балаға шаққанда кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыстардың саны;

 N – кәмелетке толмағандардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыстар саны (жылына);

P0-18 – 0-18 жастағы адамдардың орташа жылдық саны

Деректер типі

Статистикалық деректер

Дереккөз

ҚР БП ҚСжАЕК

14.

 14-17 жастағы

100 000 балаға шаққанда кәмелетке толмағандар жасаған немесе олардың қатысуымен болған қылмыстық құқық бұзушылықтар саны, бірлік

Сипаты

Қылмыс деңгейі – аудан, облыс, республика халқының белгілі бір санына есептегенде тіркелген қылмыстар саны. Кәмелетке толмағандар арасында қылмыстардың таралу коэффициентін анықтау үшін формула мәніне 14-17 жастағы адамдар саны қосылады

Есептеу формуласы

C=NP14-17×100 000

мұндағы:

C – 14-17 жастағы 100000 балаға шаққанда кәмелетке толмағандар жасаған немесе олардың қатысуымен болған қылмыстық құқық бұзушылықтар саны;

 N – кәмелетке толмағандар жасаған немесе олардың қатысуымен болған қылмыстық құқық бұзушылықтар саны (жылына);

P14-17 – 14-17 жастағы адамдардың орташа жылдық саны

Деректер типі

Статистикалық деректер

Дереккөз

ҚР БП ҚСжАЕК

 Индекстің қорытынды мәні

1.

 Деректерді нормаға айналдыру

Сипаты

 Деректердің салмағы талданатын деректердің бастапқы мәнін нормаға айналдыру арқылы алынатын болады. Нормаға айналғаннан кейін деректің салмағы 0-ден 100-ге дейін болады. Ең төменгі салмақ – 0, ең жоғарғы – 100.

 Сауалнама деректерін нормаға айналдыру өңделеді және нәтижелері сауалнама деректерінің (өңірлер, аудандар және т.б. бойынша) мәнін айқындайды.

 Егер сауалнамада бір сұрақ қойылса, онда оның нәтижесі (пайызбен) тікелей қолданылады.

 Егер сауалнамада екі немесе одан да көп сұрақ болса, онда әрбір сұрақ бойынша алынған нәтижелер жинақталады және орташа мәні шығарылады.

Нормаға айналдыру формулалары статистикалық деректер үшін де, сауалнамалар үшін де қолданылады

Есептеу формуласы

I=x-min (x)max x-min(x)×100

мұндағы:

I – нормаға айналдырылған мән;

x – бастапқы (түрлендірілетін) мән;

min(x) – ең төменгі мән;

max x – ең жоғарғы мән.

Егер деректер игіліктің теріс мәнін өлшесе (мысалы, нәресте өлімі), онда мынадай формула қолданылады:

I=1-x-min (x)max x-min(x)×100

2.

 Құрамдауыштарды есептеу

Сипаты

Құрамдауыштар оларға кіретін нормаға айналдырылған деректерді қосу арқылы есептеледі.

Әр құрамдауыштың мүмкін болатын ең жоғарғы салмағы оларға кіретін деректердің санына тең.

Есептеу формуласы

C=I1+I2+...+In=i=1nIi

мұндағы:

C – құрамдауыштың салмағы;

I – есептелетін құрамдауышқа кіретін көрсеткіштің салмағы.

3.

 Бағыттарды есептеу

(1-нұсқа)

 

Сипаты

Жекелеген бағыттардың салмағы мен индексін есептеу оларға кіретін құрамдауыштардың арифметикалық орташа салмағын айқындау арқылы жүргізіледі. Мүмкін болатын ең жоғарғы салмақ бағытқа кіретін барлық деректердің жалпы санына сәйкес келеді

Есептеу формуласы

DI=С1+С2+ ...Сnn=i=1nCin

мұндағы:

DI – бағыттың салмағы немесе индексі;

C – есептелетін бағытқа кіретін құрамдауыштың салмағы;

n – бағыттың барлық құрамдауыштарының мүмкін болатын ең жоғарғы салмағы.

4.

 Бағыттарды есептеу

(2-нұсқа)

Сипаты

Бағыттардың салмағы мен тиісінше индексін құрамдауыштарды есепке алмай, бағыттың барлық деректерінің орташа арифметикалық өлшемін анықтау арқылы да тікелей есептеуге болады

Есептеу формуласы

DI=I1+I2+ ...+Inn=i=1nIin

мұндағы:

DI – бағыттың салмағы немесе индексі;

I – есептелетін бағытқа кіретін көрсеткіштің салмағы;

n - бағыт деректерінің жалпы саны

5.

Қорытынды индексті есептеу

Сипаты

Қорытынды индексті есептеуде де өлшенген арифметикалық орташа мән қолданылады

Есептеу формуласы

CWI=D1+D2+ ...Dnn=i=1nDin

мұндағы:

CWI – қорытынды индекс;

D – әр бағыттың салмағы;

n – бағыттардың жалпы саны

       Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ЖАО

жергілікті атқарушы органдар

ЖӨӨ

жалпы өңірлік өнім

ҚР БҒМ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

ҚР БП ҚСжАЕК

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті

ҚР ДСМ

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

ҚР ИИДМ

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

ҚР СЖРА ҰСБ

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы

ҚР ІІМ

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

ҚР ЭГТРМ "Қазгидромет" РМК

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны

ОМО

орталық мемлекеттік органдар

ҰБТ

Ұлттық бірыңғай тестілеу

 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

Қазақстан Республикасының "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 30 желтоқсандағы заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
17 февраля 2023

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 4 наурыздағы № 45-ө өкімі

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы", "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" және "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 30 желтоқсандағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:

      1) тізбеге сәйкес құқықтық актінің жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық құқықтық актілерді қабылдасын және ай сайын, келесі айдың 10-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін хабардар етіп тұрсын.

  1. Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі тоқсанның қорытындысы бойынша ұсынылған ақпаратты жинақтасын және келесі тоқсандағы айдың 20-күнінен кешіктірмей қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.

      Премьер-Министр

 Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 4 наурыздағы
№ 45-ө өкімімен
бекітілген

     

 Қазақстан Республикасының "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 30 желтоқсандағы заңдарын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесі

Р/с№

Құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

Орындау мерзімі

Құқықтық актілердің сапалы, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам

1

2

3

4

5

6

1.

 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

 ЭГТРМ

2022 жылғы ақпан

 Ә.Л. Шалабекова

2.

Жануарларды жануарларға арналған панажайларда, зоологиялық жатынжайларда, жануарларды уақытша ұстау пункттерінде, жануарларға арналған оңалту орталықтарында, зоологиялық питомниктерде, контактілі зоопарктерде, жылжымалы хайуанаттар бақтарында ұстау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭГТРМ

2022 жылғы наурыз

 Ә.Л. Шалабекова

3.

Жануарларды мәдени-ойын-сауық мақсаттарында пайдалану және оларды ұстау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭГТРМ

2022 жылғы наурыз

 Ә.Л. Шалабекова

4.

Өздерінің мекендеу ортасына қайтару мүмкін емес, еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайлардағы жабайы жануарларға қарау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭГТРМ

2022 жылғы наурыз

 Ә.Л. Шалабекова

5.

Жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудың және жансыздандырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭГТРМ

2022 жылғы наурыз

 Ә.Л. Шалабекова

6.

Жануарларға арналған панажайлар қызметінің қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

 ЭГТРМ

2022 жылғы наурыз

 Ә.Л. Шалабекова

7.

Жануарларға арналған панажайларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

 ЭГТРМ

2022 жылғы наурыз

 Ә.Л. Шалабекова

8.

Жануарларды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭГТРМ, АШМ

2022 жылғы наурыз

Ә.Л. Шалабекова,

Р.Ж. Құрманов

9.

Үй жануарларын есепке алу қағидаларын және есепке алуға жататын үй жануарлары-ның тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭГТРМ, АШМ

2022 жылғы наурыз

Ә.Л. Шалабекова,

Р.Ж. Құрманов

10.

Тұрғынжайларда ұстауға тыйым салынған жануарлардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

 ЭГТРМ

 2022

жылғы наурыз

Ә.Л. Шалабекова

11.

Жануар иесінің ерекше жауапкершілі-гін талап ететін үй жануарлары-ның тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭГТРМ

 

 2022

 жылғы

наурыз

Ә.Л. Шалабекова

12.

Үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

 ЭГТРМ

2022 жылғы наурыз

Ә.Л. Шалабекова

13.

Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды жүргізу, сондай-ақ жеке тұлғаларға жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторлар куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

 ЭГТРМ, АҚДМ

2022 жылғы наурыз

Ә.Л. Шалабекова,

А.Б. Шайназарова

14.

Қаңғыбас жануарларды вакцинациалау және стерилизациялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭГТРМ, АШМ

2022 жылғы наурыз

Ә.Л. Шалабекова,

Р.Ж. Құрманов

15.

Еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұсталатын басқа жануарларды қоректендіру үшін пайдаланылатын жануарлардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы

ЭГТРМ

2022 жылғы наурыз

 Ә.Л. Шалабекова

16.

Үй жануарларын асырау және серуендету қағидаларын, жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын бекіту туралы

облыс, республикалық маңызы бар қала және астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаттарының шешімдері

облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ЖАО

2022 жылғы мамыр

облыс, республикалық маңызы бар қала және астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдерінің жетекшілік ететін орынбасарлары

       Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі;

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;

      ЭГТРМ – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

Пайдаланылмайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып берілген жерлерді алып қою жөнінде жұмыс комиссиясын құру туралы
17 февраля 2023

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 90-ө өкімі

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 28 наурыздағы пайдаланылмайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып берілген жерлерді алып қою жөнінде жұмыс комиссиясын құру туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында:

  1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Пайдаланылмайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып берілген жерлерді алып қою жөніндегі жұмыс комиссиясы (бұдан әрі – жұмыс комиссиясы) құрылсын.
  2. Жұмыс комиссиясы пайдаланылмайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып берілген жерлерді анықтау және алып қою жөнінде ұсыныстар әзірлесін.
  3. Жұмыс комиссиясы атқарылған жұмыс туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне 2025 жылға дейін тоқсан сайын хабарлап отырсын.
  4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Р.В. Склярға жүктелсін.

      Премьер-Министр

Ә. Смайылов

 

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2022 жылғы 28 сәуірдегі
№ 90-ө өкімімен
бекітілген

     

 Пайдаланылмайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып берілген жерлерді алып қою жөніндегі жұмыс комиссиясының құрамы

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, басшы

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі, басшының орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы, хатшы

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының орынбасары (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі бастығының орынбасары – экономика саласындағы қадағалау басқармасының бастығы (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Экономикалық қауіпсіздік департаменті бастығының бірінші орынбасары (келісу бойынша)

      облыстардың әкімдерінің орынбасарлары

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

Мәслихатқа сайлау 2023
Алғашқы кандидаттары тіркелді
10 февраля 2023

2023 жылдың 19 наурызына тағайындалған Қармақшы ауданының мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауының алғашқы кандидаттары тіркелді. Аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі №1 аумақтық сайлау округінде Буханов Дастан Абдибекович пен Бекберген Абай Бекбергенұлы аудандық мәслихат депутаттығына кандидат ретінде тіркеліп, тіркеу куәліктері табысталды. Сол сияқты №9, №10, №13 округтік сайлау комиссияларының отырыстары өтіп, кандидаттарды тіркеу жүргізілді. Бүгінгі күнге Қармақшы аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде 8 азамат тіркелді.

Мәслихаттың 2022 жылғы 23 ақпандағы №137 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі менмөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
09 февраля 2023

«Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі жобаны әзірлеуші орган болып табылады.

Құрметті Қармақшы ауданының тұрғындары, Сіздерді "«Мәслихаттың 2022 жылғы 23 ақпандағы №137 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі менмөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Қармақшы аудандық мәслихаты шешімінің жобасын талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз. 

Жобаның мәтініне көшу үшін келесі сілтемеге өту қажет:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14403479 

«Тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшерімен тәртібін айқындау туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 323 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
07 февраля 2023

«Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі жобаны әзірлеуші орган болып табылады.

Құрметті Қармақшы ауданының тұрғындары, Сіздерді "«Тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшерімен тәртібін айқындау туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 323 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Қармақшы аудандық мәслихаты шешімінің жобасын талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз. 

Жобаның мәтініне көшу үшін келесі сілтемеге өту қажет:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14402098 

Социальные сети
VK
Facebook
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы