Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №243 «2025-2027 жылдарға арналған Алдашбай Ахун ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №243 «2025-2027 жылдарға арналған Алдашбай Ахун ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 1), 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«1) кірістер – 137 698,3 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 22 715 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0;

трансферттер түсімдері – 114 983,3 мың теңге;

2) шығындар – 137 916,6 мың теңге»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
05 мая 2025