Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №116 «2024-2026 жылдарға арналған Алдашбай Ахун ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы №116 «2024-2026 жылдарға арналған Алдашбай Ахун ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақтың 1), 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

«1) кірістер – 124 232 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 2 738 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0;

трансферттер түсімдері – 121 494 мың теңге;

2) шығындар – 124 253,5 мың теңге»;

көрсетілген шешімнің 1, 4-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
29 ноября 2024