2023 жылғы 16 сәуірде өткізілген Ақтөбе ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы ХАБАР

2023 жылғы 16 сәуірде Қармақшы ауданы бойынша Ақтөбе ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.

Ақтөбе ауылдық округі әкімін сайлау жөніндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы №107 учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы Ақтөбе ауылдық округінде сайлау өтті деп танылғанын хабарлайды.

Ақтөбе ауылдық округі әкіміне 3 кандидат дауысқа түсті. Ақтөбе ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 880 азамат енгізілген, оның ішінде сайлау бюллетеньдерін 664 адам немесе 74,45 проценті алды. Дауыс беруге 664 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша сайлаушылар дауыс берген жоқ, дауыс беру үй-жайынан тыс жерде 25 сайлаушы дауыс берді. 5 бюллетень жарамсыз деп танылды.

Ақтөбе ауылдық округі әкімін сайлаудың мынадай қорытындылары анықталды:

Әбдіғаппарұлы Қанат үшін дауыс беруге қатысқан таңдаушылар санынан – 404, Әлқуатов Жеткен Сабырұлы үшін – 120 дауыс, Еркебаев Ерлан Мырзабекович үшін – 103 дауыс, барлығына қарсы – 32 дауыс берілді.  

Әбдіғаппарұлы Қанат – Қармақшы ауданы, Ақтөбе ауылдық округінің сайланған әкімі болып есептелінді.

 

Дата публикации
17 апреля 2023