2026 жылғы 12 шілдеге тағайындалған Т.Көмекбаев ауылдық округі әкіміне кандидат Байғабылов Төрехан Тілеубайұлының өз өтінішіне сәйкес кандидаттығын кері қайтару туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 113-6 бабына және Байғабылов Төрехан Тілеубайұлының 2026 жылғы 17 маусымдағы жазбаша өтінішіне сәйкес, Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Теміржол көшесі №10/4 үй тұрғыны, 10 ақпан 1964 жылы туылған әкім болуға кандидат Байғабылов Төрехан Тілеубайұлының 2026 жылғы 17 маусымдағы жазбаша өтінішіне сәйкес, 2026 жылдың 17 маусымынан бастап кандидаттығы алынсын.
  2. Осы шешім Қармақшы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының «Сайлау» бөлімінде орналастырылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

 

Қармақшы аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                            Р. Ефенов

        

Қармақшы аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                            Г. Жубаидаев

 

 

Жосалы кенті

17 маусым 2026 жыл

№66

Дата публикации
18 июня 2026