Қармақшы ауданы Т.Көмекбаев ауылдық округі әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындысы туралы

2026 жылдың 16 маусым күні сағат 18.00-де кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Қармақшы ауданының Т.Көмекбаев ауылдық округі әкіміне барлығы өзін-өзі ұсыну жолымен 4 кандидат ұсынылды.

Орташа бәсекелестік бір орынға 4 адамды құрады.

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды тіркеу бойынша шаралар жүргізілуде. Тіркеу 2026 жылдың 21 маусым күні сағат 18-00 де аяқталады.

Кандидаттар шығып қалған және баламалылық болмаған (сайлау округінде екіден аз кандидат) жағдайда, заңнамаға сәйкес ұсыну мерзімі бес күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-да жарияланады.

 

Қармақшы аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
16 июня 2026