Бүгін Жосалы кенті, Ақжар және ІІІ Интернационал ауылдық округтерінде кент, ауыл әкімдерінің сайлауы өтуде. Қазіргі таңда, жоғарыда аталған кент, ауылдық округтердің №94, №95, №96, №97, №98, №99, №100, №106, №108 сайлау учаскелерінде жалпы 14753 сайлаушы тіркелген.
Сайлау учаскесі таңғы сағат 7:00-ден бастап ашылып, жұмыс жасауда. Ақжар және ІІІ Интернационал ауылдарында алғаш рет өтіп жатқан ауыл әкімін тікелей сайлаудың жергілікті халық үшін маңызы ерекше.
Сондықтан ауылдық округ тұрғындары сайлауға белсенді қатысып, қарқынды дауыс беруде. Халықты ынталандыру мақсатында алғашқы дауыс берген сайлаушыға естелік сыйлықтар табысталуда.
Сондай-ақ, сайлаудың ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында әр кандидаттың сенімді өкілдері сайлау үдерісіне жіті бақылау жүргізуде.
Қармақшы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы