Елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 23 жоба қолға алынды

Елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 23 жоба қолға алынды

Елді мекендерді таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 23 жоба қолға алынды

Бүгінде Қызылорда, Арал, Қазалы, Байқоңыр қаласы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне 100 пайыз қосылған. Ал облысқа қарасты 230 елді мекеннің 98,1 пайызы тіршілік нәрін толықтай тұтына алады. Бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу мақсатында биыл «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» және «Ауыл ел бесігі» бағдарламалары бойынша 23 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Осы жобалардың нәтижесінде жыл соңына дейін ауыл тұрғындарының 98,4 пайызы таза ауыз сумен қамтылмақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Олжас Исмалаев мәлімдеді.

– Мемлекет басшысының 2021 жылғы Жолдауында алдағы бес жыл ішінде халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осыған сәйкес, облыста қолға алынған 23 жобаның 14-і биыл аяқталады деп жоспарлануда. Осының нәтижесінде, 163 шақырым ауыз су, 6 шақырым кәріз желілері, 4 дана су кешені, 12 дана кәріздік насос станциялары жаңартылады және 7 ұңғымаға бұрғылау жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, Қызылорда қаласы, Арал ауданы Көктем елді мекенінде, Байқоңыр қаласында, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған аудандарына қарасты елді мекендерге ауыз су желілерін тарту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде, – деді Олжас Қаласұлы.