Сұйытылған мұнай газ мәселесі назарда тұр

Сұйытылған мұнай газ мәселесі назарда тұр

Қызылорда облысы үшін сұйытылған мұнай газының шекті бағасы 60 теңгені құрайды. Ал облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықта орналасқан елді мекендерде 65 теңгеден босатылуда. Өңірдегі сұйытылған мұнай-газ көлемінің бүгінгі ахуалы туралы ақпарат Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды.

- Қызылорда облысында 20 кәсіпкерлік субъектісі сұйытылған мұнай-газды сатумен айналысады. Облысқа сұйытылған мұнай-газын электрондық сауда алаңдарынан тыс жеткізуге арналған жоспарға сәйкес тамыз айына 7 351 тонна сұйытылған мұнай-газ бөлінді. Қыркүйек айында «Атырау «НПЗ» мен «СНПС Ақтөбеймұнайгаз» ЖШС-терінде жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты жалпы республика бойынша бөлінетін сұйытылған мұнай-газ көлемі қысқартылды. Қазіргі уақытта «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС-нен бекітілген кесте бойынша сұйытылған мұнай-газ жеткізілуде. «СНПС Ақтөбемұнайгаз» ЖШС-нен газ жеткізу уақыты 5-6 күнді құрайды, - деді облыстық энергетика және тұрғынүй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Ералыұлы.