Астана күніне орай Жалағаш кентіне газ берілді

Астана күніне орай Жалағаш кентіне газ берілді
Бүгін аудандарға жұмыс сапары аясында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Жалағаш ауданына аялдап, Жалағаш кентін газға қосу рәсіміне қатысып, ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасты. Ерекше күнде ауыл ақсақалы Оспан Жанұзақов игі істердің жалғасын тауып, ел несібесінің мол болуын тілеп, көпшілікке ақ батасын арнады.
Елді мекендерді газға қосу Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасында көзделген. Жалағаш кентінің газдандыру жұмыстарына 3 млрд. 691 млн. теңге бөлініп, бас мердігер «StroyGazCompany» ЖШС құрылыс жұмыстарын толық аяқтады.