"Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік қызметі туралы

"Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару" мемлекеттік қызметі туралы

"Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" ММ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 229 бұйрығына сәйкес "Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару"мемлекеттік қызметін көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкімет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы мыналарды жолдайды:

1) осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес өтініш;

2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 358 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10303 болып тіркелген) бекітілген "Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының" 23, 24, 25 және 26-нысандары бойынша жасалған қысыммен жұмыс істейтін ыдыстың, қазандықтың (автономды бу қыздырғыштың, экономайзердің), қазандықтың, құбырдың немесе паспорттың электрондық телнұсқасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10332 болып тіркелген) бекітілген "Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының" 1, 2 және 3-нысандары бойынша жасалған жүк көтергіш кранның, лифттің, көтергіштің, "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188 Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабына сәйкес эскалатордың, арқанды жолдың, фуникулердің паспортының электрондық көшірмесі.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

Құжаттарды қараудың жалпы мерзімі және қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен шығару туралы хабарлама беру 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.