Баршаңызға белгілі, ағымдағы жылдың 27 сәуірі күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, халыққа жасаған мәлімдемесінде, төтенше жағдай кезеңінде
еліміздегі 1,6 миллионнан астам адамға коммуналдық төлем үшін көмек көрсетілетінін атап көрсетті.
Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің 2020 жылғы 18 сәуіріндегі №212 бұйрығымен «Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу қағидалары» бекітілді.
Осыған орай Қызылорда қаласы мен аудан әкімдіктері өтінімдерді қабылдау үшін call-орталықтар мен ақпараттық ресурстар құру бойынша шұғыл шаралар қабылдады.
Мемлекет ағымдағы жылдың сәуір және мамыр айлары үшін коммуналдық қызметтерге ақы төлейді. Барлық өтініштер мамыр және маусым айын қоса алғандағы кезеңде қабылданады.
Коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу осы қағидада айқындалған санаттағы адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады. Қағидаға сәйкес 7 санат белгіленген. Олар:
1) 1, 2 және 3 топтағы мүгедектер;
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
3) мүгедек балаларыды тәрбиелеушi отбасылар;
4)көпбалалы отбасылар;
5) ең төмен және аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
6) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
7) атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер.
Осы санаттарға жататын азаматтардың коммуналдық қызметті жеткізушілерде есепшоты (лицевой счет) болған кезде коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеуге құқығы бар.
Шығындарды өтеу Қағидада көрсетілген адамдардың санаттары өтінішінің негізінде ай сайын бір есепшотқа он бес мың теңге көлемінде төлемдер жүргізіледі.
Коммуналдық қызметтер бойынша қаражатты өтеу үшін тұтынушы жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және есепшотының деректерін көрсете отырып, жергілікті атқарушы органмен белгіленген call-орталық арқылы өтінім береді.
Өтінімдер келесі call-орталықтары арқылы қабылданады:
Бүгінге дейін облыс әкімдігімен жергілікті аудан және қала әкімдіктерімен, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалымен және коммуналдық мекемелермен бірыңғай деректер базасын біріктіру мен енгізу бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілді.
Жалпы облыс бойынша 123 мыңнан астам тұрғынның осы аталған көмекті алу құқығы бар. Оның ішінде:
Естеріңізге сала кетейік,тұрғындарбұл 15 мың теңге мөлшеріндегі коммуналдық төлемді басқа да беріліп жатқан әлеуметтік көмектер сияқты өзінің жеке есеп шотына қаржылай түседі деп түсінбеуі керек.
Бұл төлемдер коммуналдық қызмет көрсетуші мекемеге,коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен өз атынан шарт жасасқан, жоғарыда атап көрсеткен санаттардағы адамдардың пайдаланған коммуналдық қызметтердің төлемдеріне беріледі.
Төлемдер коммуналдық қызметтердің санына пропорционалды түрде жүзеге асырылады.
Тұтынушы коммуналдық қызметтерге төлем жүргізген жағдайда, коммуналдық қызметтер төлемі туралы түбіртекте он бес мың теңгеден кем сома болса, Жеткізуші төлемді келесі есептік кезеңге есептей отырып, төлемге қайта есептеу жүргізеді.
Жеткізуші тұтынушыға төлем есептеген кезде төлем туралы түбіртекте мемлекеттің коммуналдық көрсетілетін қызметтердің бір бөлігін өтеген сомасын көрсетеді.