Жаңа Конституция: орнықты дамудың институционалдық және құқықтық негізі

Жаңа Конституция: орнықты дамудың институционалдық және құқықтық негізі
ЖАҢА САЯСИ КЕЗЕҢ ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Жаңа Конституцияның күшіне енуі аясында Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың орындалу барысы қаралды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты.
Мәжілістен кейін осы және өзге де мәселелерге орай бағыт-бағдар белгіленіп, жауапты сала басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Мәжілісте баяндама жасаған барлық басқарма басшылары өздері жетекшілік ететін салалардағы негізгі көрсеткіштерді, алдағы жоспарларды жан-жақты талдады.
Осы жиында алдағы жылу беру маусымына дайындық мәселесі қаралды. Облыс әкімі бұл жұмыстар Мемлекет басшысының, Үкіметтің тұрақты бақылауында екенін атап өтіп, жауапты мекемелерге нақты міндеттер жүктеді.
«Қызылорда электр тарату тораптары» компаниясына электр желілерінің техникалық жай-күйін кешенді зерделеу, материалдық-техникалық дайындықты күшейту және төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын жетілдіру тапсырылды. Барлық жылу көзіндегі резервтік электр станцияларының тұрақты әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету міндеті қойылды.
Алдағы жылу беру маусымына қажетті көмір қорын алдын ала жасақтау керек. Осыған байланысты қала және аудан әкімдеріне операторлармен, «Қазақстан Темір Жолы» компаниясымен өзара үйлесімді жұмысты ұйымдастырып, тұрғындарды қатты отынмен қамтамасыз ету тапсырылды.
Алдағы жылу беру маусымына дайындыққа 5,5 млрд.теңге қаржы бөлу жоспарланған, оның 3,6 млрд. теңгесі республикалық бюджеттен, 1,5 млрд. теңгесі облыстық бюджеттен, 350 млн. теңгесі ҚЖЭО-ның өз қаржысы есебінен. Оған 8,7 шақырым жылу желісін жаңғырту жобасын аяқтау, №1 және 2 газтурбиналық қондырғыны күрделі жөндеу, 1,3 шақырым жылу желісін, 1 қазандықты, 1 турбина және 10 автономдық қазандықты, негізгі және қосалқы қондырғыларды жөндеу жоспарланған.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Акса Энерджи» түрік компаниясы жаңа жылу электр орталығын салды. Бүгінде орталық іске қосылып, жобада қаралған электр энергиясын өндіруде. Алдағы жылу беру маусымында толық іске қосылып, тұрғындарды үздіксіз, сапалы жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етеді.
Облысқа жылу беру маусымында 80 мың тонна көмір керек. Оның 68,3 мың тоннасы тұрғындар, 11,7 мың тоннасы әлеуметтік нысандар қажеттілігі. Кестеге сәйкес қор жасақталуда.Өңірдегі электр желілері мен қондырғыларының тозу деңгейі 60,8%,
биыл қайта жаңғыртуға 10,5 млрд.теңге қаржы жоспарланған.
Бұл жұмыстардан кейін тозған желілер 59 пайызға азаяды. Жалпы алдағы жылу беру маусымына дайындық тұрақты бақылауда.