Құрметті мемлекеттік қызметкерлер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметкерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік қызметкерлер – ел дамуы мен халық игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген жауапты әрі абыройлы мамандар. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, адал еңбектеріңіз бен жоғары жауапкершіліктеріңіз мемлекеттің өркендеуіне елеулі үлес қосып келеді.
Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, кәсіби жетістіктер мен жаңа белестер тілеймін. Ел игілігі жолындағы қызметтеріңіз әрдайым жемісті болып, абырой-беделдеріңіз арта берсін!
Мерекелеріңіз құтты болсын!