Бүгін аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев қала аумағындағы бірқатар нысанды аралап, алдымен Тасбөгеттегі бас су жинау қоймасына барды. Нысанның тәуліктік қуаты 56 500 текше метр, «Степь», «Арай» және «Бас тоғаннан» алынған таза су арнайы су сақтау қоймаларына жиналады. Кейін насос станциясы арқылы төрт су құбыры желісімен қала тұрғындарына жеткізіледі. Сырдария өзенінен алынатын су механикалық тазартудың бес кезеңінен өткізіледі. Зертхана мамандары ауызсудың сапалық құрамын тәулік бойы тұрақты бақылауда ұстап, тиісті сараптамалар жүргізеді.
Облыс әкімі жауапты басшыларға жұмысты жүйелі үйлестіріп, тұрақты бақылауды тапсырды.