"eOtinish" біріңғай ақпараттық жүйесі арқылы басқармаға жиі келіп түсетін сұрақтар мен оған берілген жауаптар

Сұрақ: Тұтынушы электр энергиясын есепке алу құралын қай уақытта тексеру қажет?

Жауап: Электр энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес, электр есептегіштері заңнамада белгіленген мерзімге сәйкес мерзімді түрде тексеруден өткізіледі.Егер тұтынушы немесе электрмен жабдықтаушы ұйым есептегіштің дұрыс жұмыс істеуіне күмәнданса, олардың өтініші бойынша кез келген уақытта жоспардан тыс тексеру жүргізілуі мүмкін.Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде есептегіштің дұрыс жұмыс істейтіні расталса, тексеруге, есептегішті шешіп алуға және қайта орнатуға кеткен шығындарды тексеруді талап еткен тарап төлейді.

Сұрақ: Электр энергиясы үшін төлемді қалай жүргізеді?

Жауап: Қазіргі таңда Қызылорда облысында төлемдерді қабылдау «АЛСЕКО» АҚ-ның бірыңғай төлем құжаты арқылы жүзеге асырылады. Тұтынушылар төлемді ALSЕCO мобильді қосымшасы арқылы немесе Kaspi.kz қосымшасындағы «Төлемдер» бөлімінен ALSECO жүйесін таңдау арқылы төлей алады.