"eOtinish" біріңғай ақпараттық жүйесі арқылы басқармаға жиі келіп түсетін сұрақтар мен оған берілген жауаптар

Сұрақ-Тұрғындардың газ баллон және табиғи газды тұрмыста пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары?

Жауап:

Тұрғын үй секторларында өрт қауіпсіздігін сақтау және газ баллон жабдығы мен газ қондырғыларын пайдалану кезіндегі сақтық шаралары туралы профилактикалық іс-шаралар негізінен аулаларды аралау, жиындар мен дәрістер ұйымдастыру, тұрғындарға үнпарақтар тарату, облыс аумағындағы адамдар көп шоғырланған орындарда орналасқан LED экрандар арқылы арнайы әзірленген бейнероликтерді көрсету және бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялау арқылы жүзеге асырылуда.

Сұрақ: Қызылорда қаласы аумағындағы саяжайлардың («Еңбек», «Эдельвейс», «Орбита» және «Сабалақ») тұрғындары тарапынан газдандыру және инфрақұрылымды дамытумен байланысты мәселелер жиі көтерілуде?

Жауап: Қазіргі таңда, Сабалақ елді мекені толықтай табиғи газға қосылды. «Эдельвейс, Орбита, Еңбек, Мелиоратор» саяжайлары бойынша жоба - сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға ұсынылуда.

Жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы  алынған кейін, қаржыландыруға бюджеттік өтінім ұсынылады.