«Су – тіршілік көзі». Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – ең маңызды міндеттердің бірі

«Су – тіршілік көзі». Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – ең маңызды міндеттердің бірі
«Су – тіршілік көзі». Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – ең маңызды міндеттердің бірі.
Арал–Сарыбұлақ топтық су құбыры өңіріміздегі Арал және Қазалы аудандарының 160 мыңнан астам тұрғынын ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр.
Қазіргі таңда қолданыстағы су желілерінің тозуына байланысты апаттық жағдайлар жиі орын алуда. Осы мәселені шешу мақсатында жалпы құны 43,7 млрд теңгені құрайтын жоба жүзеге асырылуда. Жоба аясында 234 шақырым су желісін салу көзделген.
Құрылыс жұмыстары өткен жылы басталып, бүгінде 30 шақырым су желісінің құрылысы аяқталды. Жұмыс қарқыны жоғары.
Аталған жоба екі аудан тұрғындарын сапалы әрі үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.