
Жаңа басшы таныстырылды
Бүгін «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ ұжымына жаңа оңалту басқарушысы – Жантасов Бауыржан Русланұлы таныстырылды.
Таныстыру рәсімін Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Медет Усаин жүргізіп, компанияны тұрақтандыру және дамыту бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.
Өз сөзінде ол жаңа басшының мол тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын жақсартуға және тиімді басқару жүйесін қалыптастыруға оң әсер ететініне сенім білдірді.
Сондай-ақ ұжымға ортақ мақсат жолында бірлесе еңбек ету қажеттігін айтып, жаңа басшыға жауапты қызметінде табыс пен сәттілік тіледі.