«TURǴYNDAR AMANATY» ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ МАҚСАТ МІНДЕТІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Бүгін «TURǴYNDAR AMANATY»
партиялық жобасы аясында
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерина Смышляеваның қатысуымен ZOOM платформасы арқылы арнайы жиын өтті.
Жиынға Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Б. Измагамбетов пен басқармаға қарасты мекеме басшылары қатысты.
Кездесу барысында көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесінде ашықтықты, есептілікті және тиімділікті арттыру, тұрғындардың сенімін нығайту, сондай-ақ қызмет көрсетуші кооперативтер мен мүлік иелерінің бірлестіктері жұмысының сапасын жақсарту секілді тұрғын үй қатынастары саласындағы өзекті түйткілдер көтеріліп, оларды шешу жолдары талқыланды.
Сондай-ақ тұрғындар тарапынан түсетін барлық ұсыныс-пікірлер мен сұрақтар назардан тыс қалмайтыны атап өтілді.