БАСҚАРМА ӨКІЛІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Бүгін «AMANAT» партиясының облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Нәдірбек Тахир Қуанышбекұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдау барысында тұрғындар кәріз жүйесін жүргізу, балалар ойын алаңын салу, сондай-ақ коммуналдық қызметтер бойынша қалыптасқан қарыз мәселелері жөнінде өтініштерін жеткізді.
Азаматтар өз өтініштерінде әлеуметтік жағдайлары мен тұрмыстық қажеттіліктерін ескере отырып, тиісті көмек көрсетуді сұрады.
Көтерілген мәселелер бойынша өтініш иелеріне қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірме беріліп, кейбір мәселелер бойынша тиісті мекемелермен бірлесіп қарастыру жұмыстары жүргізілетіні айтылды. Сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қатысты ұсыныстар мен өтініштер назарға алынып, алдағы уақытта кезең-кезеңімен шешу жолдары қарастырылатыны жеткізілді.
Қабылдау қорытындысы бойынша барлық өтініштер бақылауға алынып, тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, заң аясында тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.