
Орталықтандырылған ыстық сумен қамтамасыз ету
Мемлекет басшысының өңірімізге жұмыс сапары барысында Қызылорда қаласын ыстық сумен қамту мәселесін шешу туралы тапсырма берілген болатын.
Жалпы құны – 26,2 млрд.теңгені құрайтын 423 тұрғын үйге жоба әзірленді.
Жобалар 2 кезеңмен іске асырылды.
Бірінші кезеңде 2024 жылы 186 үйді ыстық сумен қамтамасыз ету үшін 11 млрд.теңге қаржы бөлініп, тұрғын үйлер ыстық суға қосылды.
Екінші кезең бойынша 2025 жылы арнаулы мемлекеттік қордан 15,2 млрд.теңге қаржы бөлініп, қалған 237 тұрғын үйді ыстық су жүйесімен қамту жұмыстары жүргізілді.